2022 ҚР президентін сайлау
{metadescription}
Спорт жаңалықтары
Спорт жаңалықтары

Спорт жаңалықтары

“ПСЖ” Франция чемпионы. Ішкі чемпионат аяқталуға екі тур қалғанда париждік клуб жеңісті тойлады. Чемпиондық бәсекеде “ПСЖ”-ның  басты қарсыласы “Монако” бұл турда “Генгаммен” 1:1 есебімен тең түсті.

Ал париждықтардың өзі осы айналымда “Ренн” клубына 2:1 есебімен жол берді. Бірақ оған қарамастан жеті ұпай айырмашылығымен бас бәйгені жеңіп алды. Төреші ысқырығы естілісімен бірден нәтижелі шабуыл ұйымдастырған алаң қожайындары не бары 3-ші минутта есеп ашты. Гол авторы Эсекьель Лавесси. Қалған уақытта “Ренн” футболшылары таразы басын теңестіріп қана қоймай жеңіске жетті. Фуед Кадир есепті 1:1 ге жеткізсе, Поль-Жорж Нтеп жеңіс добын соқты. Қортынды есеп 1:2 “Реннің” пайдасында. 

 

Испания біріншілігінің соңғы екі турында тең ойнаған мадридтық “Реал” үшін чемпиондықтың ауылы алыстай түсті. Бұл жолы “Вальядолидпен” ұпай бөліскен Карло Анчелотти шәкірттері биыл бас бәйгеден қағылған сыңайлы.

Чемпионаттың аутсайдері саналатын “Вальядолид” қонақтарға лайықты қарсылық көрсетті. Матчтың басында аздаған жарақат алған Криштиану Роналду алаңды босатуға мәжбүр болды. Көш басшысынан айрылған “Реал” шабуылда абдырап қалды. Дегенмен, бірінші таймның соңына қарай айып добын шебер орындаған  Серхио Рамос қонақтарды алға шығарды. Үзілістен кейін “Реал” бірнеше шабуыл ұйымдастырып көрген. Бірақ алаң қожайындарының тас қамал қорғанысын бұзу мүмкін болмады. Ал матч аяқталуған санаулы минуттар қалғанда бұрыштама добына бірінші жеткен Умберто Осорио таразы басын теңестіріп кетті. Қортынды есеп 1:1. Чемпионат аяқталуға тек екі тур қалғанын ескерсек, “Реалдың” топ жаруы екіталай.

 

Мұхиттың арғы жағында шайбалы хоккейден Стенли кубогы жолында бәсеке жалғасуда. Плей-офф сериясының төртінші кездесуінде “Нью-Йорк Рейнджерске” қонаққа барған “Питтсбург” 4:2 есебімен жеңіске жетті.

“Пингвиндер” сапында Евгений Малкин, Брэндон Саттер, Юсси Йокинен және Крис Куниц бір-бір шайбадан тоғытты. Ал “Рейнджерлер” Карл Хагелин мен Матс Цуккареллоның голдарымен жауап қайтарды. Төрт жеңіске дейін жалғасатын серияда әзірге “Пингвиндар” 3:1 есебімен алда келеді. Енді олар ертең өз айдынында “Рейнджерлерді” ұтса, шығыс конференциясының финалына жолдама алады.    

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде