2022 ҚР президентін сайлау
{metadescription}
Рүстем Жұмаев «Қызылжар барысы» атанды
Рүстем Жұмаев «Қызылжар барысы» атанды

Рүстем Жұмаев «Қызылжар барысы» атанды

Петропавлда «Қазақстан барысы» турнирінің үшінші кезеңі аяқталды. Боз кілемде белдескен 32 балуанның арасынан суырылып алға шыққан 22 жастағы Рүстем Жұмаев «Қызылжар барысы» атанды.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша бұл сайысқа алғашқыда 900-ге тарта спортшы қатысыпты. Олардың 32-сі Петропавлдың орталық алаңында өткен ақтық турнирге жолдама алып, Рүстем Жұмаев солардың арасынан үздік шықты. Спортта «Қаражал» деген атпен белгілі Рүстем осымен екінші рет «Қызылжар барысы» атанып отыр. Жол сақшысы болып қызмет ететін 22 жастағы жігіт енді облыс намысын Астанада қорғайтын болады.

Рүстем Жұмаев, Қызылжар барысы: 

- Тәжірбие жинадық. Енді Алматыға дайындыққа барам. Биыл енді Аллаһ жазса бірдеңе қыламыз, күресеміз.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде