{metadescription}
Атырауда асылып өлген жігіттің туыстары моладағы мәйітті полицейлер қазып алған деп шу шығарды
Атырауда асылып өлген жігіттің туыстары моладағы мәйітті полицейлер қазып алған деп шу шығарды

Атырауда асылып өлген жігіттің туыстары моладағы мәйітті полицейлер қазып алған деп шу шығарды

Полицейлер көрдегі денені көрсетпей қазып алған. Атырауда өзіне қол жұмсап қайтыс болған жігіттің туыстары осылай деп тәртіп сақшыларын айыптап отыр. Айтуларынша, марқұмды полицейлер «қылмыстық істі мойныңа алмадың» деп тергеу кезінде ұрып соққан көрінеді. Қорлыққа шыдамаған Қуаныш Шұғайыпов ақыры асылып қалған. Енді тергеушілер өлгенде де, оған «тыныштық берер емес» деп қапаланып отыр қаралы ата-ана.

Қуанышқа дұға бағыштамақ болып келген тума-туыстары қабірдің ашық жатқанын көріп, естерінен тана жаздады. Дүйсенбі күні ғана жерленген марқұмның зираты қазір бос тұр. Қаралы ата-ана мұны тәртіп сақшыларынан көріп отыр.

Марфуға Шұғайыпова, марқұмның анасы:

-Енді оны не істейді? Өлер бала өлді, ешкімді қудаламаймыз, ешкімнен талабымыз жоқ  деп қақсап түсіндіріп жібергенбіз. Үндемей-түндемей теріс айналып алды да қайқайды. Сол 10 машина кісі келіп қазып жатқан болып тұр ғой.

Ал тәртіп сақшылары болса, эксгумация туралы туған-туыстарын құлағдар еткендерін айтады. Тек шариғаттың заңын сылтау етіп, денені кесуге келісім бермеген. Марқұмға ешқандай «қысым жасалған жоқ» деп отыр құзырлы орындар. Қайта ол қылмыстық іс бойынша жәбірленуші ретінде тергеуге қатысқан екен. Ал кейбір күмәнді жәйттарға көз жеткізу үшін денені қайта қазып алуға тура келіпті.

Аман Дүйсенғалиев, Атырау қалалық прокуратурасының бөлім бастығы:

-Азамат Шұғайыповтың тума-туыстарын мәйітті қазып алу туралы қаулымен таныстырмақ болғанымызда олар үзілді-кесілді бас тартты. Негізінде олар барлық жағдайдан хабардар. Біз бар болғаны заң аясында өз жұмысымызды істеп отырмыз.

Марқұмның туыстары болса мәйітті мазалауға мүлдем қарсы болғандарын айтады. Қазған күнде де ешкім бармаған екен. Енді олар тәртіп сақшыларының өздерін жауапқа тартуды талап етіп отыр. Ал марқұмның артында жары мен 5 жасар қызы қалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде