{metadescription}
Мысырдың экс-президенті 3 жыл абақтыға жабылды
Мысырдың экс-президенті 3 жыл абақтыға жабылды

Мысырдың экс-президенті 3 жыл абақтыға жабылды

Мысырдың биліктен күшпен қуылған басшысы Хосни Мүбәрәк үш жылға түрмеге тоғытылды. Экс-президенттің қос ұлына да ел бюджетін талан-таражыға салды деген айыппен сот бүгін үкім кесті. Гамаль мен Алаа енді төрт жылын темір торда өткізуі тиіс.

Сондай-ақ бұл үшеуі Мысыр қазынасына ұрланған 3 миллион долларды қайтаруы керек. Тергеу мәліметтеріне қарағанда,  экс-президент ұлдарымен қосылып өзінің сарайын жөндеуге бөлінген миллиондарды қалтаға басқан. Кейін сол ақшаға Еуропада зәулім сарайлар салыпты. Айта кетсек, Мүбәрәк 2011-ші жылы төңкерісшілерге қарсы қару қолданғаны үшін өмір бойына абақтыға жабылған болатын. Бірақ кейін биліктен Мұхамед Мурси бастаған  «Мұсылман бауырлар» партиясы тайдырылған соң, Мүбәрәкқа қатысты үкім қайта қаралды. 86 жастағы экс-президент қазір қарулы күзетпен әскери госпитальде жатыр. Сот үкім кесерде оның сырқатына қараған жоқ. Сондықтан Мүбәрәк енді жазасын темір тордың ар жағында өтейтін болады.

Кеше

15 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде