{metadescription}
Қарағандыда полицейлерге көлік алу үшін бюджеттен  340 миллион теңге бөлінген
Қарағандыда полицейлерге көлік алу үшін бюджеттен  340 миллион теңге бөлінген

Қарағандыда полицейлерге көлік алу үшін бюджеттен 340 миллион теңге бөлінген

Қарағандының полицейлеріне салтанатты түрде 153 қызметтік көлік табысталды. Бұған облыс бюджетінен 340 миллион теңге жұмсалған. Ал жалпы тәртіп сақшыларының керек-жарағын түгендеуге 11 миллиард теңге бөлініпті.

153 көліктің ішіндегі ең құндысы 20 миллион теңге тұратын мына «Автоураган» деп аталатын жылжымалы кешен. Шатырына жабдықталған камералар арқылы салық пен айыппұлдан жалтарып, іздеуде жүрген көлікті автоматты түрде анықтап, жол үстінде-ақ жазасын береді екен. Қаз-қатар тізілген машиналардың тең жартысы тағы сол жол патруль полициясының иелігіне берілді. Ал жартысын шалғай ауылдардағы көлікке қолы жетпей жүрген учаскелік инспекторлар мінетін болды. Бірақ миллиардтаған теңге бөлінсе де, инспекторлардың барлығын бірдей көлікпен қамти алмаймыз дейді полиция басшылығы.

Мергенбай Жаппаров Қарағанды облыстық ІІД бастығы:

-Шалғай аудандардың көбісінде 80 пайызында  автокөлік болған жоқ. Қазір біз оның 30 пайызын қамтимыз деп серт береміз

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде