{metadescription}
 “Шахтер” командасының бірнеше футболшысы Украинаға барудан бас тартты
 “Шахтер” командасының бірнеше футболшысы Украинаға барудан бас тартты

“Шахтер” командасының бірнеше футболшысы Украинаға барудан бас тартты

Әйгілі көпкүндік супервелодода “Тур де Франс” жалғасуда. Мәртебелі жарыстың 15-ші кезеңінде пелотон оңтүстік Альпіден Ним  қаласына дейінгі 220 шақырымдық қашықтықты басып өтті.

Бұл жолы да спринтерлер мәре алдында өзара кім мықтыны анықтады. Алғашқы шақырымдардан пелотоннан ұзап кеткен жаңазеландиялық Джек Бауер мен швейцариялық Мартин Эльмигер тұғыр төріне көтерілуге жақын болған. Алайда мәре сызығына санаулы метр қалғанда негізгі топтың шабандоздары оларды басып озды. Сонымен, 15-ші кезеңнің жеңімпазы норвегиялық Александр Кристофф. Бұл оның “Тур де Франстағы” екінші жеңісі. “Катюша” командасының өкілі, австралиялық Хенрик Хаусслер, словак Пэтер Саган және неміс Андре Грайпель сынды спринтерлердің алдын орап кетті. Жалпы есепте айтарлықтай өзгеріс жоқ. “Астана” командасының лидері Винченцо Нибали көш басында. Оның жақын қарсыласы испандық Алехандро Вальверде Нибалиға 4 минут 20 секунд қалып келеді.        

 

Құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсететін астаналық “Барыс” жаңа маусым алдындағы дайындығын бастап кетті. Астанада алғашқы жаттығуын өткізген хоккейшілер Швейцарияға аттанады.

“Барыс” жаңа маусым алдында ресейлік бапкермен ғана толыққан жоқ. Сондай-ақ астаналықтар Славакия құрамасының қақпашысы Ян Лацо және “СКА” клубының қорғаушысы Кевин Дэлманмен толықты. Өткен жылы өз тарихында тұңғыш рет плей-офф кезеңінің екінші айналымына жеткен “Барыс” “Салават Юлаевқа” жол берген болатын. Енді биылғы құрлықтық лиганың алғашқы матчын Андрей Назаров шәкірттері 4-ші қыркүйекте дәл сол Уфалық командаға қарсы өткізеді.      

 

Донецктің “Шахтер” командасының алты бірдей футболшысы Украинаға барудан бас тартқан. Францияда оқу жаттығу жиынында жергілікті “Олимпикпен” жолдастық кездесу өткізген “Шахтер” өз отанына оралды.

Алайда команданың оңтүстік америкалық легионерлері Украинаға келмеді. Олар Дуглас Коста, Алеш ТЕЙ ШЕРА, Факундо Феррейра, Фред Сантус және Дентиньо. Негізгі құрамның белді ойыншыларынсыз қалған “Шахтер” Львов қаласында өз жаттығуын жалғастыруда. Ертең олар Украинаның супер кубогы жолында киевтің “Динамосына” қарсы ойнайды.    

 

Мадридтық “Реал” шабуылшысы Альваро Марата Туриндік “Ювентусқа” қоныс аударды. 21-жастағы футболшыны италиялықтар 20 миллион еуроға бағалапты.

Екі жақты келісім шарт бес жылға жоспарланған. “Корольдік клубтан” тәлім алған ол енді А-сериясында өнер көрсетпек. Альваро Марата “Реал” сапында тұңғыш рет төрт жыл бұрын доп тепкен. Одан бері мадридтық клубта 51 кездесу өткізген ол 11 рет қарсылас қақпасын дәл көздеген. Жас футболшының “Ювентус” сапына  келуіне жаңадан тағайындалған бапкер Массемилиано Аллегри түрткі болған. Қазірде Альваро Марата медециналық тексеруден өтіп, команданың алғашқы жаттығуына дайын.

 

 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде