{metadescription}
Балқашта байкерлер күні дүркіреп өтті
Балқашта байкерлер күні дүркіреп өтті

Балқашта байкерлер күні дүркіреп өтті

Рок музыкасы мен мотоцикл десе ішкен асын жерге қоятын байкерлер осы демалыс күндері жасап қалды. Балқашта халықаралық байкерлер слеті өтті. Оған еліміздің түкпір-түкпірі мен алыс-жақын шет елдерден келгендерде сан жоқ. Думанға толы болған демалыс күндерінде рок әуені даңғырлап, мотоциклдің сан түрі көрсетілді.

Балқаш көлінің жағасы мен шілденің шіліңгір ыстығы. Жыл сайын осы мезгілде мұнда байкерлердің бас қосуы өтіп келеді. Бұл жолы да мотоциклді «өмірінің мәні» деп түсінетін байкерлердің бірі қалмай қос дөңгелекті көліктерімен жеткен. Көлдің жағасына шатырларын тігіп, жыл он екі ай көріспеген достарымен қол алысып, құшақтасып қалды.

Қанатбек Әділбеков, байкер:

-Өз-өзін сыйлайтын байкер мотоциклмен шығады. Бұл адамның қолы аяғы сияқты болу керек қой. Мотоцикл сені емес, сен мотоциклді айдауың керек. Сондай болу керек, сол кезде ғана нағыз мотоцикл болады.

Айтқандай, мотоциклді денесінің мүшесіндей көріп, рок әуенін жанындай жақсы көретін байкерлер үшін нағыз қызықтың көкесі күн ұясына батқанда басталды. Барлығы тағатсыздана күткен  «Тотал» тобы сахнаға шыққаны сол еді, жиналғандар есіріп, есінен айырылды. Сөйтіп күн батқанда басталған думан таң атарда бір-ақ аяқталды. Байкерлер жиынының бірінші күні осылай өтті.

-Байк-фест десе, байыз таппай Балғашқа бағыт алатын байкерлердің 5 мыңға жуығы келеді деп күтілген.  Алайда, олардың саны мыңға да жеткен жоқ. Десе де, қатарлары әлі  толығып жатыр. Сондай-ақ олар бүгін «темір тұлпарларымен» қатарға тұрып Балқашқа баруы керек болған. Алайда ол орындалған жоқ. Ал, кешке кезекті рет  концерт өтпек.

Демалыстың екінші күні де байкерлердің көңілі көтеріңкі. Бірі өз ортасында өлең айтып, шаттанып отырса, енді бірі көлге түсіп сергіп қалды. Артынан барлығы ретімен, тағыда даңғырлаған музыка, сыра, тәнін жалаңаштаған қыздар. Соңында мотоциклді тақымдаған жандар келесі жылы тағы да жиналмаққа уәде беріп, тарқасты. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде