{metadescription}
Меккені  жаяу бетке алған астаналық марафоншы Ақтөбеге жетті
Меккені  жаяу бетке алған астаналық марафоншы Ақтөбеге жетті

Меккені жаяу бетке алған астаналық марафоншы Ақтөбеге жетті

Меккені бетке алып шыққан астаналық марафоншы Ақтөбеге жетті. 47 жастағы Дулат Иманғали жеті мың шақырымды жаяу жүріп өтпекші.

Ол күніне 70-80 шақырымдай жүгіреді. Енді Атырау облысына аялдап, шекараны ұшақпен немесе кемемен кесіп өтпек. Одан соң тағы төрт мемлекетті жаяу жүріп, қыркүйектің ортасында Меккеге табан тіреуді жоспарлап отыр.Марафоншының айтуынша, кезінде атасы да қажылыққа дәл осылай барыпты. Енді ол да атасының ісін жалғастырып қана қоймай, жол бойы спортты да насихаттамақ ниетте. Ішер суынан бөлек жолға құжаттары мен азын-аулық киімін ғана алып шыққан. Дулат Иманғали сапары кезінде кездескендердің пейіліне риза.

Дулат Иманғали, Астана қаласының тұрғыны:

-Көбінесе қарапайым адамдар көмектесіп жатыр, танып, қуанып. Өйткені мен бес парыздың біреуі Меккеге жаяу бару. Мен тек жай бара жатқаным жоқ, бүкіл  Қазақстанның, бүкіл мұсылмандардың сауабын алып бара жатырмын деп ойлаймын.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде