{metadescription}
Парамен ұсталған Мұрат Оспанов қашып кетпек  болды
Парамен ұсталған Мұрат Оспанов қашып кетпек  болды

Парамен ұсталған Мұрат Оспанов қашып кетпек болды

Ірі көлемде парамен ұсталған Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Мұрат Оспанов қашып кетпек болды. Қарауыл күзеті күдіктіні тергеу изоляторынан Қаржы полициясына алып келе жатқан кезде, шенеунік денсаулығының нашарлығын айтып көлікті тоқтатуын өтінген. Содан салоннан секіріп түсіп қаша жөнеліпті. Алайда алысқа ұзай алмады.

Бірақ біраз қарсыласыпты. Сөйтіп етпетімен жерге құлап өзі де, оны ұстамақ болған жедел уәкіл де жеңіл жарақат алған. Осы жарақатты алға тартқан Оспанов қаржы полициясының қызметкерлері ұрып-соқты деп адвокаты арқылы елді дүрліктерген еді. Кейін өзінің қасақана қашпақ болғанда  құлағанын айтып, алғашқы сөзінен айнып шыға келген. Ал іске белсене кіріскен адвокатының айтуынша, Мұрат Оспанов 300 мың доллар пара алмаған. Қаржы полициясына ұсталған кезде, шенеунік әлдебір досынан ұлының тойына деп мол ақшаны қарызға алып жатқан көрінеді. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.