{metadescription}
Ресей Президенті  өздеріне санкция енгізген мемлекеттерден келетін тауарларды елге  кіргізбеу туралы жарлыққа қол қойды
Ресей Президенті  өздеріне санкция енгізген мемлекеттерден келетін тауарларды елге  кіргізбеу туралы жарлыққа қол қойды

Ресей Президенті өздеріне санкция енгізген мемлекеттерден келетін тауарларды елге кіргізбеу туралы жарлыққа қол қойды

Ресей президенті Владимир Путин өздеріне қарсы санкция енгізген елдерден жеткізілетін тауарларды кіргізбеу туралы жарлыққа қол қойды. Атап айтқанда, Еуропа елдерінің, АҚШ, Жапония, Канада және Австралияның балық, ет, сүт өнімдерін ресейліктер бір жылға дейін алмайды.

Ал біздің шенеуніктер көрші мемлекет басшысының бұл шешімі еліміз үшін мол мүмкіндіктер ашқалы отыр дейді. Яғни Ресей мен Батыс арасындағы санкциялардан Қазақстанның ұтар тұсы көп. Мұндай кезде отандық өндірісті жолға қойып алуға болады екен. Жаңадан жасақталған Үкімет осы мәселені пысықтау үшін келесі аптаның басында шұғыл түрде жиын өткізбек. Отандық ет, сүт өндірушілермен ашық түрде сөйлесіп, мемлекет тарапынан қолдау көрсетеміз деп отыр. Оның үстіне отандық тауар өндірушілерге барынша қолдау көрсетуді кешегі үлкен жиында Елбасы тағы бір шегелеп айтқан еді. Енді атқамінерлер мына ұрымтал тұсты пайдаланып қалу керек деп отыр.

Абылай Мырзахметов, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы:

-Ресей Польша мен Молдовадан келетін жеміс-жидектерге, азық-түлікке санкция қойды. Бұл азық-түліктің орнын Ресей өзіндегі өндірісті арттыру арқылы жабамыз деп отыр. Яғни, мұндай меселеде біздің елге де мүмкіндік туып тұр деген сөз. Келесі аптада отандық өндірушілермен, кәсіпкерлермен бірге  біраз мәселені талқылаймыз

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.