{metadescription}
Төбесінен шелектеп су құятын әлемдік акциядан қазақстандықтар шет қалмады
Төбесінен шелектеп су құятын әлемдік акциядан қазақстандықтар шет қалмады

Төбесінен шелектеп су құятын әлемдік акциядан қазақстандықтар шет қалмады

Елімізге танымал тұлғалар төбелерінен шелектеп суық су құюда. АҚШ-та басталған  әлемдік акцияны елімізде алғашқы болып депутат Владислав Косарев, эстрада жұлдызы Ерлан Көкеев және үздік футболшы Самат Смақов жалғастырды. 

Міне, 77 жастағы мәжілісмен өз қолымен  шелек толы суға мұз араластырып, басынан құйып жіберді. Сөйтіп эстафетаны әріптестері Майра Айсина, Абай Тасболатов пен Ғани Қасымовқа табыстады. Енді олар да дәл осылай мұздай суға шомылуы керек немесе акцияның талабы бойынша науқас жандарға көмек ретінде қаржы аударуы тиіс. Косаревтың өзі суға да шомылды және  балалар қорына он мың теңге қосты. Сондай-ақ, бұл шараға белгілі музыкант Ерлан Көкеев те белсенділік танытты. Эстрада жұлдызы сыр бермей суық суды төбесінен құя салды. Әлеуметтік желілерде танымал футболшы Самат Смақов және саясаттанушы Ғалым Байтұқтың да бастарынан мұздай су құйғанын көрсететін бейнежазбалар жүр. Бүкіләлемдік акцияның мақсаты - склероз ауруына шалдыққан науқастарды қолдау. Оған қатысушылар өзінен кейін эстафетаны үш адамға беруі қажет. Флешмобқа Голливуд актері Вин Дизель, АҚШ-тың бұрынғы президенті Жорж Буш, әлемдегі ең ірі байлардың бірі Билл Гейтс, Фейсбуктың басшысы Марк Цукерберг және басқалар қатысты.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде