{metadescription}
Алматы облысында үйі өртеніп кеткен отбасы қайырымды жандардан көмек сұрайды
Алматы облысында үйі өртеніп кеткен отбасы қайырымды жандардан көмек сұрайды

Алматы облысында үйі өртеніп кеткен отбасы қайырымды жандардан көмек сұрайды

Алматы облысындағы Есік қаласында бір үйдің 7 баласы өртеніп кете жаздады. Алапат өрт басталғанда еңбектеген сәби үй ішінде қалып қойыпты. Ал қалған алты бауыры жалыннан қорқып тысқа қарай қашып шыққан. Балаларын аз уақытқа қалдырған ана алаулаған оттан кенжесін дер кезінде құтқарып үлгеріпті. Енді көшеде қалған көпбалалы отбасы әжетхананың жанында түнеп жүр. Тұрмысы онсыз да нашар жандар, тым болмаса, бала-шағасына киерге киім, ішерге тамақ сұрайды.     

Бақтыгүлдің жеті баласы бар. Кішісі небәрі 1 жаста болса, үлкені алтыншы сыныпқа енді барады. Алапат өрттің салдарынан отбасы екі бөлініп, жартысы далада, жартысы моншада түнеп жүр.

Моншада дәреттің иісі шығып қатты сасиды. Жата алмайсың, мүмкін емес жатуға. Енді амал қанша, баратын жеріміз жоқ болғаннан кейін...

Өрт түс ауа басталып, небәрі бірнеше минутта үйді күлге айналдырған. Күйеуі қара кешке дейін жалдамалы жұмыста жүретін келіншек мектепке енді баратын баласының құжатын реттеуге шығып кеткен. Келсе, кенжесі жатын бөлмеде жалынның арасында отыр. Абырой болғанда, газ баллоны жарылмаған. 

Бақтыгүл Кендіжаева:

-Ақшамыз да жоқ. Ештеңкеміз қалмады. Қыстық киіміміздің бәрі өртеніп кетті. Білмеймін балаларды қалай алып барам мектепке? Көмек сұрап барып жатырмын, бармаған жерім жоқ. Қайырымды жандар болса сол кісілерден көмек сұраймын. Маған жаныңыз ашымаса да, кішкентай балаларыма жаныңыз ашитын шығар...

Көршілері аз-маз киім-кешек, төсек орын беріпті. Десе де, жеті балаға ішер тамақ жетпей отыр. Жартылай аш балақайлардың тіпті ертең мектепке баратын киімі де жоқ. Ал жеті баланың төртеуі – оқушы.

-Юбка, кофтамыз, көйлегіміз бәрі өртеніп кетті. Аяқ киіміміз ештеңе қалған жоқ. Осы бір киіммен жүрміз.

-Мектеп баратын ұл-қызының киімдер мен сөмкелері түгел өртенген. Енді бұлар ұстауға не киюге жарамсыз. Барлық заттан аман қалғаны тек қана қазақ тілі кітабы мен тұңғыш ұлы Арманның өткен жылы мектепте алған мақтау грамотасы ғана.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде