{metadescription}
Бас санитар дәрігер  тұмаудан сақтану үшін сарымсақты көп жеуге кеңес берді
Бас санитар дәрігер  тұмаудан сақтану үшін сарымсақты көп жеуге кеңес берді

Бас санитар дәрігер тұмаудан сақтану үшін сарымсақты көп жеуге кеңес берді

Биыл тұмау ерте тарауы мүмкін! Вирустың қауіпті болатыны соншалық, еліміздің Бас санитар-дәрігері жұрттан бұрын емханаға барып, өзіне екпе салдырды. Жандарбек Бекшин қыспен қатар өрши түсетін  бұл індеттің алдын алуға тұрғындар да қазірден қамдануы керек деп отыр. Өйткені жер бетінде жәй суық тиюдің соңы асқынып, өлімге соқтыратын жағдайлар жиілеп кеткен. 

-Бұрын-соңды екпе алғансыз ба?

 – Әрине,  бірнеше жыл болды. Ешқандай менде аллергиялық асқыну болған жоқ.

Жандарбек Бекшин тұмауға қарсы екпе салдырмас бұрын ақ халаттылардың жіті тексеруінен өтті. 56 жастағы шенеуніктің  қан қысымы мен дене қызуы қалыпты.  Сондықтан бас санитар-дәрігер екпе кабинетіне еш кедергісіз жолдама алды.  

Медбикелер Бекшинге Франциядан алдыртқан өте сапалы екпені салып берді. Енді бас санитар-дәрігер жарты сағат ақ халаттылардың жіті қадағалауында болады. Ал, препарат тек 14 күннен кейін әсер етеді де, жыл бойы жұқпалы вирустан  сақтайды екен.  Дәл осы әдіспен үлкен-кішіге  тұмаудың алдын алуға болды.  Ол үшін Үкімет биыл бюджеттің  875 миллион  теңгесіне  1 миллионнан астам вакцина сатып алыпты.  Екпе салдыру жүкті әйелдерге, балалар мен қатерлі сырқатқа шалдыққандарға  тегін. Қалған тұрғындарға  2-3 мың теңгеден сатылады. Ақ халаттылар  тұмауға төтеп беруге  дайынбыз деп отыр. Бірақ отандық дәрігерлер бұдан өзге  де қатерлі, жұқпалы  вирустардың сейілмей тұрғанын  айтады.

Жандарбек Бекшин, Мемлекеттік Бас санитар-дәрігер:

-Көбінесе қауіпті вирус Сауд Арабиясында тіркеліп жатыр. 414 жағдай тіркелді, оның ішінде 115 жағдай өліммен аяқталды. Сауд Арабиясына, Таяу Шығыстан  қайтып жатқан отандастарымыз осындай тексерістен өтеді.

Сондықтан санитар-дәрігерлер жуырда ғана қажылыққа  аттанған  отандастарымызға да ескерту жасап, барынша сақ болуға кеңес бердік деп отыр.  Тіпті жұқпалы дерт  өршіп тұрған Сауд Арабиясына әзірге бармауға  да шақырған екен. Алайда құлшылыққа ниет еткен азаматтар құлақ аспапты. Енді мамандар қасиетті Меккеден оралған әр адамды  әуежайда қатаң тексеріп  кіргізбек.

-Ал Жандарбек Бекшин Африкадан басталып,  бүкіл Еуропа елдерін жайлап келе жатқан «эбола»  вирусы жайында жақ ашпады. Бас санитар-дәрігер  дауасы  табылмаған бұл  дерттен қорғануға қатысты  алдағы уақытта арнайы жиын өткізетінін ғана жеткізді. Есесіне тұмау туралы көп  айтқан Бекшин одан сақтану үшін тұрғындарға  жылы киініп, көбірек сарымсақ пен пияз жеуге кеңес берді. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде