{metadescription}
Талантымен талайды таңқалдырған  Аңсаған Мұстафа жеке көрмесін өткізді
Талантымен талайды таңқалдырған  Аңсаған Мұстафа жеке көрмесін өткізді

Талантымен талайды таңқалдырған Аңсаған Мұстафа жеке көрмесін өткізді

«Мамам мені өлтіретін шығар».  Ғаламторға салған осы суреті арқылы әлемге танымал болған талант иесі бүгін Астанада жеке көрмесін өткізді. Қазақтың санаулы иллюстраторларының бірі Аңсаған Мұстафа әр туындысын сөйлете білген шебер. 

Озық ойлы дарын иесі көрмеге 50-ге тарта туындысын қойған. Еңбектерін интернеттегі жеке парақшасына салған бойда, ол жұрттың қызығушылығын тудырыпты. Сондықтан ба, бүгінгі көрмені арнайы іздеп келгендердің қарасы  көп. Әке-шешесін тірідей тастап кетіп жатқандарды "Қарттар үйі" картинасында бейнелеуге тырысқан. Сондай-ақ, отбасылық қарым-қатынас, алданған қыздар, араққа салынған аналар, жанұясынан безген әке жалпы қоғамның ащы шындығын қара бояумен жеткізіпті. Ал Аңсаған Мұстафаның  атын шығарған мына сурет. Құрсағындағы сәбиін алдыртуға қорқып «Мамам мені өлтіретін шығар» деген қыздың бүріскен келбеті адамды ойлантпай қоймайды. Cуреттің өзі қазір жарты әлемге танымал. Ондаған тілге аударылып, Жапония, Бразилия, Қытайдан хабарласып газетке жариялауға рұқсат сұрағандар болған.

Аңсаған Мұстафа, иллюстратор:

-Бұл сурет өз көзіммен көргенім, 8-10 тілге аударылып кетті. Түрікше, татарша, грузиндер өз тілдерінде талқылап жатқанын көрдім. Менің аты-жөнімді де, алып тастағанын көрдім. Жарайды, мен оған өкінбеймін. Бастысы, жастарға жетсе болды. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде