{metadescription}
Қостанайда  Виктория Ганяны өлтірді деген күдікпен тағы бір адам ұсталды
Қостанайда  Виктория Ганяны өлтірді деген күдікпен тағы бір адам ұсталды

Қостанайда Виктория Ганяны өлтірді деген күдікпен тағы бір адам ұсталды

Ал Қостанайда жеті жасар Виктория Ганяның өліміне қатысты тағы бір күдікті пайда болды. Рудный тұрғыны кішкентай қызды зорлап өлтіргенін 3 ай бұрын мойындаған екен. Бірақ ақпаратты прокуратура енді жариялап отыр.

31 жастағы азамат ұрлық жасап қолға түскен. Тергеу кезінде Ганяның өліміне қатысы барын мойындап қойыпты. Ал бүгінге психдаспансерде есепте тұрған 19 жастағы қаңғыбас басты күдікті аталып келген болатын. Десе де, оны жақында сот ақыл-есі дұрыс деп тапқанын да айта кетейік. Енді атышулы істе тағы бір күдіктінің аты аталып отыр. Ақпараттарға қарағанда, ол бірнеше рет сотталған және отбасы бар көрінеді. Естеріңізге салсақ, 7 жасар Виктория сәуір айында із-түзсіз жоғалған. Бір ай бойын оны полицияның барлық құрамы мен мыңдаған ерікті іздеп, ақыры Рудный шетіндегі ескі ғимараттардың бірінен өлі денесін тапты. Бүлдіршінді зорлап, кейін азаппен өлтірген. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.