{metadescription}
Петропавлда мұз құрсауында қалып қойған аққулар құтқарылды
Петропавлда мұз құрсауында қалып қойған аққулар құтқарылды

Петропавлда мұз құрсауында қалып қойған аққулар құтқарылды

Мұз құрсауында қалған аққулар. Солтүстік Қазақстанда төтенше жағдай қызметкерлері жылы жаққа ұша алмай қалған құстарды құтқарды. Қанаттары бекімеген аққулар мұз құрсауында қалып қойыпты.

Аққудың сұңқылдақ деп аталатын түріне жататын бұл құстар өз түрлерінің  ең алыбы саналады. Ұзындығы бір жарым метр болатын құс, қанаттарын самғағанда екі есе ұзарады екен. Алайда құтқарушылар қуып жүрген мына аққулар тым әлсіз. Олар аяқасты келген қатты аяздың салдарынан қатып қалған көлде жүр. Қамыс арасында түз тағыларынан тығылған оларға құтқарушылар көмекке келді. Сөйтіп, екі күнде 20 шақты аққу жергілікті оранжереяға берілді. Бұл жерде олардың қыстап шығуына барлық жағдай жасалған.

Андрей Морозов, құтқарушы:

-Бұл құстар жұмыртқаларын кеш жарып шыққан. Салдыранан қанаттары қатайып үлгермегендіктен жылы жаққа ұша алмай қалды. Біз жылда осы маңда қалып қойған құстарды құтқарамыз. Әйтпесе, оларды түлкілер талап тастайды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде