{metadescription}
Жаңа үлгідегі  жеке куәлікте 2 сурет болады
Жаңа үлгідегі  жеке куәлікте 2 сурет болады

Жаңа үлгідегі жеке куәлікте 2 сурет болады

Бүгін жаңа үлгідегі жеке куәлік көрсетілді. Ішкі Істер министрлігі депутаттардың сынынан кейін құжатты ақыры өзгертуге мәжбүр болды.

Ең бастысы жеке куәліктегі ақ қара түсті фотосурет түрлі-түстіге ауыстырылады. Құжаттың оң жақ бетіне азаматтың кішірейтілген бейнесі басылған. Бұл куәлікті қолдан жасамау үшін қорғаныш. Десе де, жаңа құжаттың бағасы өзгермейді, бұрынғыша 370 теңге мемлекеттік баж салығын төлесеңіз болғаны.Жаңа куәлік 1-ші желтоқсаннан бастап шығарыла бастамақ. Ал ескісі пайдалану мерзімі аяқталғанша қолданыста жүре береді. Бұған дейін депутаттар ұсқынсыз куәлікті алып жүруге ұяламыз деген. Осыдан соң Ішкі Істер министрлігі жеке куәліктің жаңа дизайнын жасап шығарып отыр. Ал оған қанша қаржы жұмсалғанын ашып айтқан жоқ.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.