{metadescription}
«Көңілді сөренің»  жеңімпаздары анықталды
«Көңілді сөренің»  жеңімпаздары анықталды

«Көңілді сөренің» жеңімпаздары анықталды

Алматыдағы балалар үйлері арасында «Көңілді сөре» атты спорттық сайыс өтті. Оған қала және Алматы облысынан, сондай-ақ, Тараз бен Шымкенттен келген жеткіншектер келген.

4 команда алғашқыда осылай өз өнерлерін ортаға салды. Бірі ән айтты, бірі брэк-данс биледі. Артынан спортшылардың тағатсыздана күткен қызықты сайыстары басталды. Онда эстафеталық ойындарға көбірек көңіл бөлінген. Сол үшін жарысқа қатысушылар барынша жылдам болуға тырысты. Алайда мұндайда жүзден жүйріктер топ жарады. Тараздан келген топ қарсыластарынан басым түсіп, бірінші орынды жеңіп алды. Олардың әрқайсысына планшет сыйға берілді. Ал Алматы облыстық балалар үйі екінші орынға, Шымкенттен келгендер үшінші орынға ие болды. Оларға да мақтау қағаздары мен түрлі бағалы сыйлықтар табысталды. Шараға мұрындық болған Тұңғыш Президент қоры.

Нұржан Керімбеков, Шымкент қалалық Төле би атындағы балалыр үйінің жаттықтырушысы:

-Бәрі қуанышты. Биылғы мынандай эстафетаға бірінші рет келіп отырмыз. Оңтүстіктен. Біз  қуаныштымыз. Осындай жарыстар жиі болып тұра берсін.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде