{metadescription}
 Байқоңырда оқушылар "Президентім Путин" деп білім алып жатыр
 Байқоңырда оқушылар "Президентім Путин" деп білім алып жатыр

Байқоңырда оқушылар "Президентім Путин" деп білім алып жатыр

«Президентім - Путин» деп сауатын ашқан баладан қандай патротизм күтеміз? Байқоңыр мектептеріндегі былық бүгін бірінші рет үлкен мінберден айтылды. Мұндағы оқушылар Қазақстанның емес, Ресейдің бағдарламасымен білім балады. Мектеп түгілі, жалға алып отырған қалашықта Ресей тарапы бүгінге дейін бірде-бір жаңа нысан салмаған. Астанаға 10 айдың есебін беруге келген Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың жағымды жаңалығы да жоқ емес. Ресей былтыр жазда құлаған «Протон» зымыранының өтеуін төлеуге келіскен. Нақты сома осы айдық соңына дейін...

рияланбақ.

Елордада есеп беру кезегі келген Қырымбек Көшербаевтың тыңғылықты дайындалғаны көрініп тұр. Осы 10 ай ішінде атқарған істерін жіпке тізіп шыққан соң, әкім Қызылорда облысындағы түйткілдерге де тоқталды. Бірінші кезекте - Байқоңырдағы балалардың білімі. Мұндағы оқушылар Қазақстанның емес, Ресейдің бағдарламасымен білім алады. Бұл алдымен тәрбиеге кері әсерін тигізіп жатыр дейді әкім.

Қырымбек Көшербаев, Қызылорда облысының әкімі:

-Қазақтың балалары  қазақ мектебінде кітап бетін ашады да менің президентім Путин дейді. Олар қалай ертең қалыптасады?Қандай азамат болады? Патриот болады? Екінші бір жері бар, оны бітірген соң олар біздің ҰБТ-ға қатыса алмайды. Сосын біздің Қазақстанның Жоғарғы оқу орындарына түсе алмайды. Олардың заңды құқықтарына шектеу.

Жалға алып отырған қаланы көркейтуге Ресей тарапы 23 жыл ішінде бір тиын да бөлмепті. Бүгінге бейін Байқоңырда бой көтерген әлеуметтік нысандар, мәдени орындардың барлығына Қазақстанның ақшасы жұмсалған. Дегенмен жақсы жаңалық та жоқ емес. Мәскеу былтырғы «Протон» зымыранының апатынан келген шығынды өтеуге ақыры келісіпті. Нақты соманы екі елдің бірлескен комиссиясы осы айдың соңына дейін атамақшы. Естеріңізге салсақ, зымыран тасығыш былтыр шілдеде көкке көтеріле бергенде құлап, 600 тонна улы гептил жерге төгілген болатын.

Қырымбек Көшербаев, Қызылорда облысының әкімі:

-Біздің мамандар 13,9 млрд теңге деп отыр. Ресейліктер айтты, біз зиянды төлеуге дайынбыз. Бірақ біз методиканы шешейік деп, сол методиканы қараша айында аманлышық болса үкіметаралық келісіп шешеді деп ойлаймын.

Көшербаев Қызылорда облысының соңғы уақытта қазба байлықтарын өндірумен тоқталмай, өңірдеиндустриалды-инновациялық жобалардың мықтап қолға алынғанын да мақтанышпен жеткізді. Өйткені, өңірдегі ең үлкен мұнай кен орны – Құмкөлдегі қара алтын сарқылуға жақын. Бар жоғы 10-15 жылдың ғана қоры қалды дейді әкім. Мұнайы таусылғанды мұндағы жұрттың да тұрмысы нашарлауы мүмкін.

-Дегенмен, облыс жақын арада адам танымастай өзгереді деп сендірді Көшербаев. Қазірдің өзінде өңір халқының 70 пайызы газбен қамтылып, биыл бірінші рет Қызылордадағы көпқабатты үйлерге ыстық су берілген. Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтап қалу жұмыстары да жалғасады. «Ақ маржанның» отаны - Қызылорда бүкіл Қазақстанды күрішімен қамтымақ. Ал, облыс орталығында Елорданың үлгісімен, Сырдарияның сол және оң жағалауына жаңа аудандар тұрғызылмақшы.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде