{metadescription}
Астанада -33 градустық аяз болмақ
Астанада -33 градустық аяз болмақ

Астанада -33 градустық аяз болмақ

Астанада дауылды ескерту жарияланды. Ауа райының қолайсыздығынан алдағы жексенбіде Елордада көктайғақ болып, соққан желдің арты қарлы боранға ұласпақ. Ал дүйсенбіге қарай күн тіптен суытып, Арқа төсінде шыңылтыр аяз басталады.

"Қазгидрометтің" хабарлауынша, арктикалық ауа ағынының әсерінен дүйсенбі және сейсенбі күндері Елордадағы ауа температурасы минус 30-33 градусқа дейін төмендейді. Оның үстіне, оңтүстік-батыстан соққан екпінді желдің жылдамдығы 25-30 метр секундқа дейін жетпек. Соған байланысты қалада мектеп оқушылары мен студенттер үшін сабақ уақытша тоқтылуы да мүмкін. Синоптиктердің болжауынша, ауа райының күрт суытуы еліміздің батыс өңірлерінде де байқалмақ. Мұнда ауа температурасы 20 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде