{metadescription}
Сүйінші! Күй мен киіз үй ЮНЕСКО тізіміне енді
Сүйінші! Күй мен киіз үй ЮНЕСКО тізіміне енді

Сүйінші! Күй мен киіз үй ЮНЕСКО тізіміне енді

Қазақтың күйі мен киіз үйі әлемге танымал болды. Себебі халқымыздың қастер тұтар екі мұрасы - қазақтың ғана емес, бүкіл адамзаттың мұрасы ретінде ЮНЕСКО-ның тізіміне енді. Мұндай тарихи шешім ұйымның Паржидегі штаб-пәтерінде қабылданған. Іріктеудің қатал болғанын ескерсек, бұл еліміз үшін үлкен жеңіс. Оның үстіне, бұл Қазақстанның атынан Юнесконың тізіміне енген алғашқы өнер туындылары. Әрі қос құндылығымыз енді халықаралық ұйымның қорғауында болады.  Жұртпен бірге осы жаңалыққа қуанған тілшіміз Ербол Тұрымбет қолына домбыра алып, қуаныштан күй тартты.

-Бұл көнеден жеткен қазақ күйінің озық үлгілерінің бірі – Адай. Көнеден жеткен ескі әуен әлі күнге өз қалпын өзгертпеген. Десек те заман ағымына сай талай өзерістерге түсіп те жатыр. Ал ендігі уақытта қазақ күйінің тарихи қапының өзгермеуін ЮНЕСКО-ның өзі қадағалайтын болады.

Бұл жаңалықты күйшілер көптен күткен еді.Сүйінші хабарды естігенде, қуаныштан жүрегі жарылардай болды. Соның бірі – Жұмабек Қадырқұлов. Ол қазақ күйінің мәдени  құндылықтардың қатарына өтуін еліміз үшін үлкен мақтаныш деп біледі. Енді ұлттық өнердің өрлеуіне тың серпіліс береріне үміттенеді.

Жұмабек Қадырқұлов, күйші, Қазақ Ұлттық өнер университетінің оқытушысы:

-Қазір шығарылып тартылып жатқан күйлер өте көп. Мысалы Мұрат Өскенбаев, Ахмет Жұбанов күй шығару өнері тоқтап қалған. Өйткені олардың күйлері құлаққа жағымды, қонымды. Қазіргі күй шығарып жүрген күйшілеріміз ондайды  қатты ұға бермейді. Бірақ енді көпке топарықа шашпай- ақ қояйын. Жақсы күй шығарып жүрген ағалымыз бар.

Ірі халықаралық ұйымның қарамағына сонымен бірге қазақтың киіз үйі де еніп отыр. Қостанайда киіз үй құрастырумен айналысатын мына кәсіпкер бүгін өте қуанышты. Киіз үй әлемдік мұралардың қатарынан орын алып жатқан соң өніміне көп сұраныс боларына  сенімді.

Айдар Бисембаев, кәсіпкер:

-Киіз үй жасайды біздің мекеме. Енді қазақтың киіз үйі бүкіл әлемге танымал болып жатыр. Өте қуанып тұрмын.Саудамыз жақсы жүретін шығар.

Мұраларын ЮНЕСКО тізіміне енгізу – әр мемлекет үшін абырой. Себебі біздің елге келетін туристер алдымен Юнеско тізіміне енген жәдігерлерді аралайды. Енді шетелдіктердің арасында қазақтың киіз үйі мен күйіне қызығушылық артады деген сөз.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.