{metadescription}
Отандық опера әншісі Мәскеуді таңқалдырды
Отандық опера әншісі Мәскеуді таңқалдырды

Отандық опера әншісі Мәскеуді таңқалдырды

Еліміздің опера әншісі Салтанат Ахметова Мәскеуде «Үлкен Опера» атты телевизиялық байқаудың жеңімпазы атанды. Жас опера әншілерінің халықаралық додасында үздік шыққан отандасымыз  бұл жеңісін Елбасыға арнайтынын жеткізді.

Бұл Салтанат Ахметованың ақтық сында орындаған әні. Мұнда ол Моцарттың «Сыйқырлы флейта» операсынан «Түн патшайымы» ариясын шырқап, әдемі дауысымен көпшілікті таң қалдырды. Биыл үшінші рет өткізілген байқау – ТМД елдері арасындағы жас опера әншілерінің басын қосатын ең үздік жоба. Мұнда әншінің дауысынан бөлек, актерлік шеберлігі де ескеріледі. Осы ән додасының соңында көрермендердің дауыс беруі арқылы жерлесіміз қарсыластарын басып озып, жеңімпаз атанды. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде