{metadescription}
Назарбаев "Ел ағасы" атағына ие болды
Назарбаев "Ел ағасы" атағына ие болды

Назарбаев "Ел ағасы" атағына ие болды

Нұрсұлтан Назарбаев тағы ең жоғарғы марапатқа лайық деп танылды! Түркіменстан Қазақстан Президентіне    "Ел ағасы" атағын беріп, иығына шапан жапты.

Бүгін Түркіменстанға ресми сапармен барған Нұрсұлтан Назарбаевқа үлкен құрмет көрсетілді. Тосын сыйды күтпеген Елбасы, «жаман туыстан жақсы көрші артық» деп әріптесі Құрбанғұлы Бердімұхамедовке алғысын білдірген. Кейін мемлекет басшылары екі елдің арасындағы, алыс-берісті, барыс-келісті  қазіргіден де жандандыруға уағдаласты. Елбасының Ашхабадқа ат басын бұруы  тарихи оқиғамен сәйкес келіп отыр. Себебі Қазақстан, Түркіменстан, Иран Президенттері «Өзен-Берекет-Гөрган» халықаралық теміржол магистралінің ашылу салтанатына қатысады. Осы жолдың төселуімен қазақ-түркімен арасындағы сауда айналымы бұрын-соңды болмаған көрсеткішке жетпек. Жалпы, жаңа теміржолдың ұзындығы 935 шақырым. Оның ұзаққа созылатын бөлігі - 722 шақырымы Түркіменстан арқылы өтеді. 130-ы Қазақстанға, 82 шақырымы Иранға тиесілі. Енді үш елдің арасында сауда айналымы артып, Қазақстан Парсы шығанағына тікелей шыға алады. Осындай маңызды істерді талқылаған Назарбаев ресми сапарының аясында Бердімұхамедовпен  бірнеше мемлекетаралық құжаттарға қол қойды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Қазақстан Түркіменстан үшін транзиттік өткел. Ал біз Түркіменстан арқылы Иран мен Парсы шығанағына шығып отырмыз. Нағыз сауда саттық деген осы. Менің іссапарым екі жақты байланыстарға жаңа серпін береді деп ойлаймын. Біз халықаралық мәселелерде бауырлас ел ретінде қолдау көрсетіп келеміз.

Құрбанғұлы Бердімұхамедов, Түркіменстан Президенті:

-Мүмкіндікті пайдалана отырып, Нұрсұлтан Әбішұлы, екі елдің арасындағы дамуға қосқан үлесіңізге алғыс білдіремін. Сіздің осы сапарыңызға үлкен мән береміз. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.