{metadescription}
Хромтауда білім бөлімінен өрт шығып маңызды құжаттар жанып кетті
Хромтауда білім бөлімінен өрт шығып маңызды құжаттар жанып кетті

Хромтауда білім бөлімінен өрт шығып маңызды құжаттар жанып кетті

Ал Ақтөбе облысында тілсіз жау әкімдіктің тұтас бір бөлімін кеңсесіз қалдырды. Хромтау аудандық білім бөлімі отырған ғимарат түгі қалмай өртеніп кеткен. Қаншама жылдан бері сақтаулы тұрған маңызды құжаттардың қазір бірі де жоқ. Мамандар ғимараттан бұрын сол құжаттарды қалпына келтіру оңайға соқпайтынына қапаланады. 

-Кешегі күнге дейін осы жерде Хромтау ауданындағы білім саласына жауапты шенеуніктер жұмыс істеп келді. Енді бұл кеңсе күлге айналып, төбесі опрылып түскен. Тек аман қалғаны мына тас қабырғалары ғана.

Өрт шыққан кезде мекемеде күзетші ғана болған. «101» қызметіне хабар жетіп, олар келгенше білім бөлімінің түгі қалмапты. От жапсарлас орналасқан аудандық ауыл шаруашылығы және құрылыс бөлімдерінің де бірнеше бөлмелерін шарпыған. Тек мұғалімдер мекемесінің мамандары күлге айналған құжаттарды қалпына келтіру ұзаққа созылады деп қапаланады.

Гүлбарам Қалиева, Хромтау аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы:

-Мемлекеттік құжаттарды қайта дайындау керек. Сол қиын жағдай болып тұр. Оған уақыт керек өзіңіз білесіз. Оңай емес мемлекеттік құжаттарды дайындау. Біз мемлекеттік мекемеміз ғой. Жұмыс істеу үшін мемлекеттік құжат керек. Паспорт сияқты құжаттарымыздың бәрі жанып кетті.

Далада қалған мамандарға Хромтаудағы бір мектептің бөлмесі уақытша беріліпті. Алдағы күндері мекеменің қайда орналасатынын аудан басшылары да білмейді. Әкім өрттен соң күйзеліске түскен қарамағындағылардың жағдайына алаңдап отыр екен.

Аязбай Османғалиев, Хромтау ауданының әкімі:

-Бәрінің жүйкесі жұқарған. Түсінесіз бе, күйзеліске түскен бәрі. Қазір жарықты, жылуды  сөндіріп тастадық. Қазір бәрін іске қосамыз. Суын ағызып жібердік.

Өрт сөндірушілер оттың электр сымдарындағы тұйықталудан шыққан деген болжам айтады. Қазір олар оқиға орнын мұқият тексеріп жатыр. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде