{metadescription}
Алматыда трамвай депосы отқа оранды
Алматыда трамвай депосы отқа оранды

Алматыда трамвай депосы отқа оранды

Тілсіз жау кешеннің  қоймасын күлге айналдырған. Абырой болғанда, бүлінген техника мен зардап шеккен адам жоқ.

Ресми ақпаратқа қарағанда, деподағы өрт бүгін таң алдында тұтаныпты. Қызыл жалынды бастапқыда күзетшілер байқап, өз күштерімен сөндіруге әрекеттенген. Бірақ олар шамалары жетпей, жалынды одан бетер өршітіп алған екен. Салдарынан өрт сөндіру қызметі жеткенше 2 мың шаршы метрге жуық аумақ жанып кеткен. Ауыздықтау жұмыстарына 70-ке жуық адам қатысып, 20 көлік су тасып жүрген. Қазір апаттың нақты себептері анықталып жатыр.

Гүлшат Дәуренбекова, Алматы қалалық ТЖД баспасөз хатшысы:

-Зардап шеккендер жоқ. Қайта 16 трамвай жеке құрамның тез әрекетінің арқасында қауіпсіз жерге шығарылған.

-Жөндеуде тұрған бір трамвай жанып кетті дейді ғой?

-Менде ондай ақпарат жоқ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.