{metadescription}
Семейде  қариялар өздерін мазақ қылған  шенеуніктермен айқасқа шықты
Семейде  қариялар өздерін мазақ қылған  шенеуніктермен айқасқа шықты

Семейде қариялар өздерін мазақ қылған шенеуніктермен айқасқа шықты

Семейде қариялар коммуналдық қызмет бөлімімен жаға жыртысуға дайын отыр. Себебі, жаңа жол төселгенде аялдамалар қарттарға ыңғайсыз етіп салыныпты.

Осы жылы шаһардағы екі тас жолға күрделі жөндеу жұмыстары қолға алынды. Көше деңгейі біршама көтеріліп, ал аялдамалар сол күйі қалып қойған. Салдарынан зейнеткерлердің қоғамдық көлікке мінуі де, одан шығуы да қиындады. Оның үстіне көктайғақ кесірінен осы аялдамаларда жарақат алу жиілеген. Әкімдіктегілер «жөндеу келесі жылы аяқталады, сол кезде су жаңа аялдама да қойылады» деп жайбарақат отыр. Бірақ мұндағы қарттар аялдама деңгейін көтерту үшін мердігерге ақша жинап берген. Алайда қаржыны қалтаға басқан жұмысшылар сол күйі жоғалып кетіпті.

Кенжегүл Жамантаева, Семей қаласының тұрғыны:

-Бір жүргенде айттық, төленді ақшасы! Неге жөнделмейді,- деп. Олар тротуарларды басқа мекеме жөндейді деді. Сонымен жоқ міне әлі.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде