{metadescription}
СҚО-да бұланды заңсыз атқан әскерилер ұсталды
СҚО-да бұланды заңсыз атқан әскерилер ұсталды

СҚО-да бұланды заңсыз атқан әскерилер ұсталды

Солтүстік Қазақстанда әскери қызметкерлер заңсыз аң аулау кезінде қолға түсті. Екі прапорщик пен бір старшина мемлекеттік қорықта бұланды жайратып тастап, етін бөлшектеп үлгерген екен.

Орманшылар беймезгіл уақытта жүрген жол талғамайтын көлікті тоқтатқан.  Оның қанға боялған жүксалғышы аңшылардың құр қол еместігін дәлелдегенімен, аңның еті көлікте болмай шықты. Сыбайластар етті жіліктеп, көрші ауылдағы танысының қорасына жасырып үлгеріпті. Браконьерлердің үшеуі де Петропавлдағы 6637 әскери бөлімінің қызметкерлері. Өзі санаулы бұланды жайратып салған табиғат қаскөйлері енді 400 мың теңге айыппұл төлеуі тиіс.

Айтолла Уақышев, СҚО табиғи ресурстар басқармасының бас маманы:

-«Мамлют» мемлекеттік қорығында биылғы жылғы санақ бойныша 38 бұлан бар. Соның біреуін кеше барконьерлер атып алды. Енді қалғаны 37. Бұл бұланға аңшылық жасауға тыйым салынған.  Бұлан өте сирек кездесетін аң ғой. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде