{metadescription}
Девальвацияға ұшыраған теңге әлемнің ең әлсіз валютасы болып танылды
Девальвацияға ұшыраған теңге әлемнің ең әлсіз валютасы болып танылды

Девальвацияға ұшыраған теңге әлемнің ең әлсіз валютасы болып танылды

Қазақтың төл теңгесі биылғы жылдың ең әлсіз валюталар қатарынан табылды. Росбизнесконсалтинг жүргізген сараптама бойынша біздің валюта жыл басынан бері 15 пайызға құнсызданып, 8-ші орынға тұрақтаған. Бұның бірден-бір себебі ақпан айындағы девальвация екені анық.

Соңғы күндері долларға қатысты теңге курсы біршама нығайып, қазір 181 теңге 40 тиынды құрап отыр. Ал әлемдегі ең әлсіз валюталар тізімін Украинаның гривнасы мен Ресей рублі бастап тұр. Ресей валютасы күн санап жаңа антирекордтарды жаңартуда. Қараша айының өзінде рубль 40 пайызға құнсызданған. Ал гривна 46 пайызға арзандапты. Өзге «әлсіз» валюталардың жағдайы аталған екеуіне қарағанда әлдеқайда жақсы. Мәселен, ганалық седи мен Аргентинаның песосы 25 пайызға құнын жоғалтқан. Ал алғашқы бестікті сириялық фунт толықтырып отыр. Өзіміздің төл теңге қырғыз сомынан да әлсіз боп қалды. Айыр қалпақты ағайынның валютасы жыл басынан бері 14 пайызға, ал соңғы 6 айда небәрі 10 пайызға құнсызданған екен. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде