{metadescription}
Петропавл тұрғындары жаңа жылға «тосын сый» жасаған депутаттарға алғысын білдірді
Петропавл тұрғындары жаңа жылға «тосын сый» жасаған депутаттарға алғысын білдірді

Петропавл тұрғындары жаңа жылға «тосын сый» жасаған депутаттарға алғысын білдірді

Петропавл қалалық Мәслихатының депутаттары Жаңа жыл қарсаңында шаһар тұрғындарына «тосын сый» жасады. Олар жолаушы тасымалдайтын кәсіпорындардың өтінішін құптап, жол ақысын 50 теңгеден 65 теңгеге көтеру туралы шешім қабылдады. Жаңа тариф осы айдың соңына дейін күшіне енбекші. Осының арқасында шығынын ақтай алмай жабылып қалған бұрынғы қалаішілік автобустар қайтадан жүре бастайды деп түсіндірді атқамінерлер.

Жол ақысын көтеру туралы өтінішті жолаушы тасымалдаушылар ұйымы әкімдікке ақпан айында берген екен. Шығынға батып отырмыз деген  кәсіпкерлер үш жылдан бері жол ақысын өсірмегенін алға тартыпты.

Галина Семенова, «СҚО Автокөлік одағы» қауымдастығының төрайымы:

-Жол ақысын көтеру керек. Жанар май қымбаттады. Көлік жөндеуге керекті саймандар да арзан емес. Қыстық отын тапшы. Оның үстіне жүргізушілердің де жалақысы төмен. Олардың да отбасы бар. Соны неге ойламаймыз.

Қауымдастықтың өтінішін қалалық Мәслихат депуттары жан- жақты таразыладық дейді. Сөйтіп, олар жол ақысын өсіру туралы шешімді бірауыздан қабылдаған.

Жасұлан Ахметов, Петропавл қалалық Мәслихатының депутаты:

-Оларға бензинге ақша керек, жалақы төлеу  керек.  Олар қалай жұмыс істейді, олардың да қиыншылықтары бар. Шығындарын жаба алмай жатыр.

Қазір жаңа тариф Әділет басқармасында қаралып жатыр. Егер заң жағынан реттелсе, осы айдың 20-нан бастап жол ақысы ересектер үшін 65 теңге, балалар үшін 30 теңге тұратын болады. Ал айналадағының бәрі қымбаттап жатқанына тұрғындардың еті үйренген сияқты.

-Керек десе, жүзге дейін жеткізсін. Ақылдарынан алжасқан ғой.

-Өте қуаныштымын. Өмір сүру көңілді болады. Жаңа жылдық сыйлықтарына көп рахмет.

Шығындарын ақтай алмай, автобус саны мен бағыттардың азайғаны былай тұрсын, осыдан біраз бұрын Петропавлдағы троллейбус паркі мүлдем жабылған болатын. Бұл тұрғындардың қала ішінде жүріп-тұруын қиындатып жіберді.

-Тарифтің төмендігінен тасымалдаушы компаниялар қаладағы үш бағыт бойынша қатынайтын автобустарды мүлдем тоқтатқан. Тағы екі бағыт  жабылаудың аз алдында тұрған көрінеді. Бұл қалалықтар діттеген жеріне екі автобуспен жетіп, еке есе шығынданады деген сөз. Шағын шаһардың халқы үшін бұл, әрине, тиімсіз.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде