{metadescription}
Алматыда байлардың ауласын сыпыратын жұмысшылар жалақысын ала алмай жүр
Алматыда байлардың ауласын сыпыратын жұмысшылар жалақысын ала алмай жүр

Алматыда байлардың ауласын сыпыратын жұмысшылар жалақысын ала алмай жүр

Қалталымыз деп мақтанып, бірақ коммуналдық төлемге ақы таппайтындардың кесірін бір топ алматылық жұмысшылар да тартып отыр. Оңтүстік астананың ең элиталық ауданында орналасқан «Сұңқар» тұрғынүй кешенінде аула сыпырып, еденін жуғандар жаздан бері жалақы ала алмай жүр. Төлейтіні болмашы тиын болса да, тұрғын үйге қызмет көрсетуші компания оларды 4 айдан бері сандалтып қойған.

Бұл – еткен еңбек пен төккен тердің қайтарымын талап еткен жандар. Барлығы осы «Сұңқардың» тұрғындарына қызмет қылады. Күзетші, сантехник, вахтер – барлығы да осында. Кешенге қызмет қылатын компания жұрттан ақыны жинап алғанымен, жұмысшыларына келгенде жұмған ауыздарын ашпайды.

Роза Ахашева, жұмысшы:

-Тұрғындарды қарасақ, олар ай сайын төлеп отыр. Түбіртектері бәрі бар. Ал сол төленіп жатқан ақша қайда кетіп жатыр? Кейбіреулері жаздан бері алмаған. Ал біз қыркүйектен бері алмадық. Сұрасақ, «жоқ, жоқ»-дейді. Ұрсысамыз ылғи. Кейде төбелеске дейін барады.

Жұмысшылардың осылай жалақыларын даулағандарына міне тура 4 ай болыпты. Барлық жерге шағымданған. Бірақ онысынан еш нәтиже жоқ.

Балия Садықова, жұмысшы:

-Алты құзырлы орынға бардық. Бәрінің жіберетін қағазы Еңбек департаментіне барады екен. Ал Еңбек департаменті бізге дұрыс жауап бермей отыр. Яғни, мораторий бойынша тексеруге жатпайды дейді.

Жұмысшыларын жарылқай алмай жүрген мекеме басшысы бүгін де ұстатқан жоқ. Ал орынбасары ақшаның әзір болмайтынын ашық айтты.

- Ақшаларын қашан бересіздер? Когда начнут выплаты делать?

- 2 айдың ішінде

- Камера алдында өтірік айтпа қәні.

- Маған не дейсіңдер? Ақша табу оңай емес.

Осыған қарағанда, жұмысшылардың жаңа жылды да бір тиынсыз қарсы алатын түрі бар.

-Айлықтан тарыққан жұмысшылар бүгін тағы да құр алақан қайтты. Басшылықтың құрғақ уәдесіне тойып біткен жұрт енді сотқа да шағымданбақ. Ал, егер одан да еш нәтиже шықпаса, мәжбүрлі шараларға дейін барамыз деп бекінген.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде