{metadescription}
Көкшетауда қарызын өтемеген кәсіпорындардың құбыры кесіліп жатыр
Көкшетауда қарызын өтемеген кәсіпорындардың құбыры кесіліп жатыр

Көкшетауда қарызын өтемеген кәсіпорындардың құбыры кесіліп жатыр

Көкшетауда қарызы бар мекемелер қақаған аязда жылудан ажыратылып жатыр. Шаруасын дөңгелетіп отырса да, қарыз төлеуге сараң кәсіпкерлерді коммуналдық қызмет осылай жазалауға көшті. Өйткені қазірдің өзінде түрлі мекемелер мен тұрғындардың жылуға берешегі 250 миллион теңгеге жеткен. Осындай қатал шара қолданбаса, мазут пен көмір қорын толтыруға да қаражат жоқ екен.

Коммуналдық қызметтегілер жылу жүйесін жөндеп жатқан жоқ, керісінше, құбырды кесіп жатыр. Бұл – Көкшетаудағы жекеменшік кәсіпорын. Жылуға қарызы 1 жарым миллион теңгеге жеткен мекемеге талай ескерту жасалған. Енді сарышұнақ аязда жылусыз қалды. Ал мына мекеме қаланы безендірумен айналысады. Ондағылар өздерінің қарызға белшеден батуына әкімдік кінәлі деп отыр.

Арман Лекеров, кәсіпкер:

-Біз қарыз төлеуден бас тартпаймыз.Әкімдіктің өзі бізге қарыз. Көшені безендіріңдер, кейін есептесеміз деді. 400 мың теңгедей қарыз. Ақшамызды берсе, төлейміз. Әзірге, мен сіздерді жылу жүйесіне жақындатпаймын.

Жылу жүйесіне жақындатпағандардың бірі – қаладағы ең ірі базардың қожайыны. Коммуналдық кәсіпорын қызметкерлері оған 1 млн 300 мың теңге қарыз екенін еске салған. Жауап болмаған соң, базарды жылудан ажырату үшін сайланып келіп еді, бірақ қожайыны олардың өзіне тап берді.

-Бір жапырақ қағазды көрсетеді. Біз оған қол қойған жоқпыз? Не деп тұрсыңдар?

Ал мамандар коммуналдық қызметке шаш етектен қарыз бола тұра зәулім үйлерде тұрып, қымбат көлікпен жүретіндердің әрекетіне таң қалып отыр. Құбырды шорт кеспесе, ескертуді елеп жатқан ешқайсы жоқ.

Самат Сматаев, «Көкшетау жылу» коммуналдық кәсіпорыны директорының орынбасары:

-Көбінесе төлемейтіндер жағдайлары бар үлкен үйде тұрады, жақсы машинасы бар. Қазіргі күнде зейнеткерлер ортаңғы класс дейміз ғой. Солар уақытылы төлеп, отырады.

Ендігі кезекте қарызы бар тұрғын үйлер тұр. Бұрын орталық жылу жүйесіне қосылған пәтерлерді жеке ажырату мүмкін болмаса, қазір оның да әдісі табылыпты. 

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.