{metadescription}
Ресей Қазақстанға қатынайтын бірнеше пойызды тоқтатып тастады
Ресей Қазақстанға қатынайтын бірнеше пойызды тоқтатып тастады

Ресей Қазақстанға қатынайтын бірнеше пойызды тоқтатып тастады

Мәскеу көршілерімен қатынасты үзді. Жолаушылар қатарының сиреп кетуіне байланысты Ресей ТМД-ның бірқатар еліне жүретін пойыздарын тоқтатып тастады. Оның ішінде Қазақстан да бар. Енді осы айдың 13-нен бастап «Новосібір-Алматы», ал 14-інен бастап «Новокузнецк-Қарағанды» бағытындағы ресейлік пойыздар біздің елге қатынауын тоқтатады.

Ресей алдымен Украинаға қарай жүретін пойыздарын тоқтатуы мүмкін деген ақпарат сонау көктемде шыққан болатын. Сол әңгіме бүгін шындыққа  айналды. Екі ел арасындағы саяси шиеленіске байланысты жолаушылар қатынасы тоқтап қалды. Енді осындай шектеу Украинамен қатар, Әзірбайжан, Тәжікстан және Қазақстанды да қамтып отыр. Бұған себеп, ресейлік пойыздар арқылы елімізге келетін жолаушылардың қатары 30 пайызға азайып кеткен. Дегенмен, бұл қатынас мүлде үзілді деген сөз емес. Екі ел арасын байланыстыратын 16 бағыттың алтауы Ресейге тиесілі. Соның тек екеуі ғана жүрісін тоқтатады. Оның үстіне, сұраныс артып жатса, үзілген бағыттар қайта жандануы мүмкін. Ал қалған бағыт бойынша қатынайтын отандық пойыздар сол күйі қызметін жалғастыра бермек.

Жамбыл Байділдинов, "ҚТЖ" ҰК" АҚ Жедел іс-қимыл қызметінің басшысы:

-Ресейге қатынайтын он жүрдек пойызы тоқтатылмайды. Әрі қарай жүре береді. Яғни, жолаушылар тасымалына әсер етпейді.

Кеше

13 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде