{metadescription}
Қысқы Олимпиаданы өткізуге ие болған ел ойындарды басқа мемлекетте өткізе алады
Қысқы Олимпиаданы өткізуге ие болған ел ойындарды басқа мемлекетте өткізе алады

Қысқы Олимпиаданы өткізуге ие болған ел ойындарды басқа мемлекетте өткізе алады

Ақ олимпиаданы өткізу құқығына ие болған ел ойындарды өз аумағынан тыс жерде де өткізе алады. Халықаралық олимпиада комитетінің Монакодағы жиынында осындай шешім қабылданды.

Осы өзгеріске байланысты енді олимпиада бағдарламасындағы ойын түрлерінің кейбірі өзге қалаларда, тіпті өзге елдерде өткізу мүмкіндік бар. Бұл шешім шығын көлемін азайту мақсатында қабылданған. Себебі 2022 жылғы қысқы олимпиаданы ұйымдастыруға өтініш берген қалалардың басым бөлігі кейін одан өз еркімен бас тартқан болатын. Мәселен Стокгольм, Осло, Краков пен Львов шығын көлемін есептеген соң райынан қайтты. Қазір үміткерлер қатарында тек Қытайдың Бейжіңі мен біздің Алматы қалды. 2018 жылғы ойындарды өткізетін Оңтүстік Кореяның Пхенчханы жарыстардың бірқатарын Жапонияда өткізу жайлы өтініш білдірген еді. Бұл ел қазынасына түсетін ауыртпалыққа байланысты болған. 

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде