{metadescription}
Қостанайда бүтін бір ауылды су басты
Қостанайда бүтін бір ауылды су басты

Қостанайда бүтін бір ауылды су басты

Қостанайда да кезекті коммуналдық апат! Бұл жолы қалаға келетін су құбырларының бірі жарылып, Амангелді ауылын су басқан. Салдарынан тұрғындардың ауласы көк тайғаққа айналып, жертөледегі азық-түліктің барлығы жарамсыз боп қалыпты.

Анна Тонких, Амангелді ауылының тұрғыны:

-Шыны құтылардың барлығы су астында қалды. Енді ол мұзға айналып, бүлінген. Аулада не боп жатқанын қараңыздар! 60-70 см дейін су басып қалды. Иттің күркесі мүлдем көрінбей қалды.

Елді-мекендегі екі көшедегі жағдай бірдей. Барлығының ауласында қалың мұз қатып, жертөлесіне дейін су толып қалған. Қысқа деп сақтаған азық-түліктің бәрі бүлініпті. Диаметрі 80 см құбырдан аққан су жарты сағат ішінде 20-дан астам үйдің ауласын бүлдірген. Жарылған құбыр бітелгенімен, енді жертөледегі суды сыртқа шығарып, мұзды ою қиын болып тұр. Жергілікті биліктің айтуынша, аймақтағы құбырлардың тозығы жетіп, қазір түрткен жердің барлығында апат болуы мүмкін. Ал оны жөндеу үшін қаржы жеткіліксіз. Үкіметтен бөлінген 3 млдр теңге жыртықты жамауға жетпеді дейді шенділер. Сондықтан қаражат көзін басқа жерден іздеу керек. Ол үшін ауызсу бағасын 60 теңгеден 100-ге дейін көтеру мәселесі қарастырылуда.

Валерий Полешко, Қостанай қаласы әкімінің орынбасары:

-Жылу құбырларының жалпы ұзындығы 300 шақырым. Жыл сайын біз оның 7 пайызын ауыстыруымыз қажет. Есептесек небәрі 21 км болады. Бірақ біздің шамамыз тек 6-7 км-ге жетеді. Жұмысты екі есе аз жасағандықтан апатты жағдай әлі ұзаққа созылмақ. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.