{metadescription}
Елімізде жалған ақша көбейген
Елімізде жалған ақша көбейген

Елімізде жалған ақша көбейген

Сақ болыңыз! Айналымда жалған ақша көбейіп кетті. Бас прокуратура осындай хабарлама таратып, жұртты алаяқтардың әрекетінен сақтануға шақырды. Себебі соңғы аптада еліміздің бірнеше өңірінде жалған теңгелер пайда болған.

Валютаның көбі Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай және Маңғыстау облысында тәркіленіпті. Жалған ақшаның ішінде теңгеден өзге шетел валютасы да бар. Осыған байланысты, Бас прокуратура барлық құзырлы органдарға тиісті нұсқаулықтар таратқан. Ал пысықайлар ақша дайындауда қарапайым түрлі-түсті кеңсе принтерлері мен А4 форматындағы қағазды пайдаланады екен. Сондықтан сәл назар салып қарасаңыз, шын ақша мен жалғанын анықтау аса қиын емес дейді мамандар.

Күләш Төлеген, Банк операцияларын тіркеу бөлімінің басшысы:

- Бірінші кезекте қағаз сапасына мән аудару қажет. Оны алақанмен сипап-ақ байқауға болады. Нағыз теңгенің жазулары кедір-бұдыр болады. Сонымен қатар арнайы су белгілері оңай оқылуы тиіс. Сонымен қатар арнайы аппараттар арқылы ақшаны тексеріп алған жөн. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

30 мамыр

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.