{metadescription}
Қаржы министрі  теңге құлдырамайды деп  уәде берді
Қаржы министрі  теңге құлдырамайды деп  уәде берді

Қаржы министрі теңге құлдырамайды деп уәде берді

Теңгенің тағдырына алаңдауға негіз жоқ. Бюджеттің де бүйірі бүлк етпейді. Үкімет мұнайдың әлемдік бағасы мен күн санап құлдырып жатқан Ресей рублінен біздің ұлттық валюта мен қазынаға еш қауіп төнбейді деп сендіріп бағуда.

Сондықтан, әлемдік жағдайға байланысты бюджет қайта қаралмайды. Бұған дейін басты қаржылық құжатқа қалайда өзгеріс енгізілетіні айтылған. Дегенмен бір анығы әлеуметтік төлемдер: зейнетақы мен жәрдемақы қысқармайды. Әр саланың дамуына деп бөлінген ақшаның да көлемі  азаймады деген сөз. Ұлттық экономика министрінің айтуынша, қазір мұнайдың бағасы барреліне 60 доллар. Бірақ, Досаев қара алтынның құны  жаңа жылда қайта қалпына келеді деп үміттеніп отыр. Сондай-ақ, бүгін Қаржы министрі де теңгенің тағдырына қатысты үн қатты. Бақыт Сұлтанов: «Ресейдегі ахуал төл теңгеміздің құнсыздануына еш әсер етпейді. Оған Ұлттық банк кепіл» деп сендіріп отыр. Оның үстіне Қазақстан экономикасының қуаттылығы соншалық, кез-келген қиындыққа  төтеп беруге қауқары жетеді екен. Мұнай мен метталдың бағасы түскенімен, Ұлттық қорға құйылатын ақша азаймайды деген Сұлтанов жұртты түрлі өсек-аянға еріп, босқа даурықпауға шақырды.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.