{metadescription}
Калачи мен Березовканың халқы медициналық тексерістен өтеді
Калачи мен Березовканың халқы медициналық тексерістен өтеді

Калачи мен Березовканың халқы медициналық тексерістен өтеді

Калачи мен Березовканың тұрғындары жаппай медициналық тексерістен өтеді. Үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаев осындай тапсырма берді.

Ал жергілікті шенеуніктер медициналық тексерісті қаңтардың 10-на дейін аяқтап, қорытындысын Сапарбаевтың алдына әкелуі тиіс. Аралары алыс болса да, Березовка мен Калачидағылардың диагнозы ұқсас. Екі ауылдың да тұрғындары жаппай естерінен танып жатыр. Батыс Қазақстандағы Березовка жұртынан қараша айынан бері береке қашқан. Бүгінге дейін жетпіске жуық адам ауруханаға түсті. Мұндағылар жақын маңдағы «Қарашығанақ» газ кен орнының тараған химиялық заттан улануы мүмкін деген болжам бар. Ал, Ақмола облысындағы атышулы Калачи ауылындағыларды белгісіз індет жайлағанына 2 жыл болды. Осы уақыт арасында 50-ден астам адам есінен танып қалың ұйқыға кеткен. Отандық ғалымдар сан рет зерттегенімен Калачидегі жұмбақ аурудың себебі анықталар емес.  

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.