{metadescription}
Нүрәли Әлиев жаңа қызметке тағайындалды
Нүрәли Әлиев жаңа қызметке тағайындалды

Нүрәли Әлиев жаңа қызметке тағайындалды

Нұрәли Әлиев жаңа қызметке тағайындалды. Енді ол Астана қаласы әкімінің орынбасары. Сондай-ақ Елордаға басшы болып жақында келген Әділбек Жақсыбеков есімі елге белгілі тағы бір азамат – Ермек Аманшаевты да орынбасары етіп тағайындады.

9 күннен соң 30-ға толатын  Нұрәли Әлиев «Нұрбанк», «Қазақстан Даму банкі», «Транстелеком» сынды компаниялардың басшысы ретінде танымал. Енді жас орынбасар қаладағы жол-көлік, коммуналдық-шаруашылық мәселелерімен айналысады. Ал, Ермек Аманшаев соңғы уақытқа дейін «Қазақфильмді» басқарған. Танымал кино қайраткерін Әділбек Жақсыбеков өзіне жайдан-жай орынбасары етіп тағайындамаса керек. Өйткені, Астана әкімі кино десе ішкен асын жерге қояды. Шаһар басшысы танымал бірнеше фильмге сценарийін өзі жазып, қаржыландырған. Айта өтейік, Ермек Аманшаев бұл қызметке екінші рет тағайындалып отыр. Ол 2008-ші жылы да қала әкімі Асқар Мәминнің орынбасары қызметін атқарған болатын.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде