{metadescription}
Назарбаев көшеге ілінген суреттерін алып тастауды талап етті
Назарбаев көшеге ілінген суреттерін алып тастауды талап етті

Назарбаев көшеге ілінген суреттерін алып тастауды талап етті

Нұрсұлтан Назарбаев жағалай ілінген портреттері мен жеке басқа табынушылық жайындағы сауалға жауап берді. Бүгін президент еліміздегі ең ауқымды мемлекеттік бағдарлама - Индустрияландыру бағдарламасының алғашқы 5 жылдықтың қортындысын жасап, телекөпір арқылы тағы 15 зауытты өзі іске қосты. Жалпы осы уақыт аралығында жүздеген өндіріс орындары ашылса да, құрдымға кеткендері де бар. Осындай, олқылықтар болмас үшін Елбасы өз портретін көшуге ілуді доғаруға пәрмен беріп, енді шенеуніктерді тура жұмыс кабинетінен бақылауға алмақ.

Бюджеттің миллиардтары құйылып жатқан индустрияландыру бағдарламасының қалай орындалуын президент жылына екі рет жеке өзі тексереді. Олқылығы үшін талай сыналса да Үкімет 5 жылда 770 зауыт салып, мыңдаған жұмыс орнын ашқан. Бүгін Елбасы тікелей эфир арқылы облыстарда жаңадан ашылған титан, арматура, алтын, рельс секілді тағы басқа мұнай газ-химия саласына қажетті өнім шығаратын 15 жаңа зауытты іске қосты. «Қара алтын» демекші, оның әлемдік бағасының құлдырауы кезінде Назарбаев елімізде мұнай өңдейтін төртінші зауыттың құрылысын бастауға тура келетінін айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Қазіргі дағдарыс, қиын-қыстау заманда көріп отырсыздар мұнайдың бағасы 120-дан 60 долларға түсті. Газда солай болады. Сыртқа шығарып жатқан заттарымыздың бағасы да солай болады. Сондықтан қиын жұмыс. Әрине, сынауға да болады. «Не істеп жатыр?» «Қайда кетіп жатыр?» деп айтуға болады? Ал осыны өздерің жасап көріңдерші көрейік?

Сынауға бәрі шебер деген президент Украина мен Ресей арасындағы жанжал әлем экономикасын тұрлатып отырғанын ашық айтты. Осы геосаяси жағдайдың ушығуы мұнай мен газдан түскен пайдамен бюджетін жауып отырған Қазақстанға да кесірін тигізіп жатыр. Сондықтан импортқа деген  тәуелділіктен құтылу үшін индустрияландыру бағдарламасы ауадай қажет. Маңызы зор міндетті жұрт жете түсіну үшін Назарбаев барлық жерге ілінген портреттерін алып тастап, орнына сол ауқымды жұмыс жайлы ақпарат жазуды талап етті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Облыс орталықтарына менің портреттерімді емес, сол аймақта жылына, айына, бір тоқсанда неше жұмыс орны ашылғаны туралы таблоларды ілу керексіздер.Мен осыны талап етемін. Сосын жаңа технологияның дамыған кезінде, жұмыс кабинетіме экран орнатқызам. Сол арқылы облыстарда не істеліп жатқанын қарап отырам. Премьер-министр де осылай етуі керек.

Мемлекет басшысының тапсырмасын екі етпейтін премьер Кәрім Мәсімов кабинетіне монитор орнатуды көпке созбасы анық. Себебі индустрияландыруға бөлінген ақшада қисап жоқ. Ал оған қол салғандар дереу ұсталып түрмеге жабылады. Сондай-ақ, бүгін Елбасы күтпеген жерден жеке басқа табынушылық пен Нұр сөзін әр жерге тықпайлай береді деп хат жазған тұрғынға тікелей эфир үстінде жауап қайтарды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Жақында мен хат алдым. «Бір нәрсе болса алдына, анаған да, мынаған да «Нұр» деген сөзді қосып қояды. Осыны неге тоқтатпайсыз? Мұның барлығы жеке басқа табынуға  апарады деп. Мен алдына нұр қой деп ешкімге айтқан жоқпын. Нұр деген сөзді менің атыма жабыстыратын да ештеңесі жоқ. Нұр деген - жарық, нұр деген - сәуле. Солай емес пе?

-Осылай деп ашығын айтқан президент индустрияландыру бағдарламасының Жолдаудан кейінгі негізгі стратегиялық құжат екенін ескертті. Сондықтан министр мен облыс әкімдеріне, жылы кабинетінен шығып, жиналысты тура құрылыс алаңында өткізуге пәрмен берді. Ол зауыттардың қалай салынып жатқанын Нұрсұлтан Назарбаев Ақордадан камера арқылы бақылап отырмақ. Ал жұмыс кабинетіне монитор орнатуды Елбасы көпке ұзатпаймын деді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде