{metadescription}
Жоламановтың соты жабық өтеді
Жоламановтың соты жабық өтеді

Жоламановтың соты жабық өтеді

Генерал Жоламановтың соты жабық өтеді. Шекара қызметінің директорына қатысты атышулы процесс алдағы дүйсенбіде, Астанадағы қылмыстық істер жөніндегі әскери сотта қаралмақшы.

Бірақ соттан жұрттың мүлдем бейхабар қалатын түрі бар. Себебі оған тілшілер қатыстырылмауы мүмкін. Десе де, ақпарат өкілдеріне қатысты мәселені алғашқы тыңдауда тараптардың пікірін ескере отырып шешімді  судья қабылдауы тиіс. Ал былтыр күзде Астанадағы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ауласында қолына кісен салынған Нұрлан Жоламановқа  «ұйымдасқан қылмыстық топ құрды», «ірі көлемде пара алды» деген 2 бап бойынша айып тағылып отыр. Ал изоляторда жатқан Шекара қызметінің директоры онымен келісіп отырған жоқ. Жуырда екі бірдей адвокаты «генералдың қан қысымы көтеріліп, денсаулығы нашарлап барады» деп  дабыл қаққан. Алайда, Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл ақпаратты жоққа шығарған болатын.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.