{metadescription}
Елімізде жүргізушілер автокреслоға  таласып    жатыр
Елімізде жүргізушілер автокреслоға  таласып    жатыр

Елімізде жүргізушілер автокреслоға таласып жатыр

Жаңа жол ережесі қосалқы орындық саудасын қыздырды. Еліміздің көлік жүргізушілері балалар орындығы мен қауіпсіздік белдігіне арналған құрылғыны қазірден таппай жүр. Ал құжат ертеңнен бастап күшіне енеді. Әсіресе Ақтау сауданың көрігі қызып тұр. Базарларда мұндай тауар атымен жоқ. Дүкендердегі бағы қашанғыдай жоғары. Сонда да тұрғындар талап алып жатыр. Орындықты қала бойынша 1-2 дүкеннен ғана табуға болады, ол да таусылуға таяу.

Бұл – Ақтаудағы автобөлшектер сатылатын ірі базарлардың бірі. Әдетте жұмыс күні мұнда адам қарасы аз. Бірақ бүгін жас та, кәрі де осында. Барлығы автокөліктеріне балаларға арналған орындық пен қауіпсіздік белдігіне қосалқы құрылғы таппай әлек. Рафик Магирамов өткен жылдан бері өтпей тұрған 3 орындығы мен 20-дан астам тартпасын бір күнде сатып жіберген.

Рафик Магирамов, сатушы:

-Сұраныс өте көп. Таңертеңнен бері 5-6 адам сұрап кетті. Бүгін 10 орындыққа тапсырыс бердім. Олар тек ақпан айында ғана келеді.

Базарда орындықтардың құны 15-20 мың теңге тұрады. Алайда соның өзі қазір жоқ. Бірен-сараны жиһаз және балалар дүкендерінде ғана қалған. Мұндағы баға 25 мың теңгеден 50 мың теңгеге дейін жетеді.

Әби Сейдалиев, Ақтау қаласының тұрғыны:

-Менің 16 немерем бар. Оның бәріне 16 кресло алатын болсам, зейнетақым жетпейтін шығар.

Ал Құралбек Бақтыбаев бүгін 5 орындық сатып алды. Үшеуін өзінің, екеуін інісінің көлігіне орнатпақ.

Құралбек Бақтыбаев, Ақтау қаласының тұрғыны:

-Заңнан аттап кете алмайсың ғой. Сол заңға бағыну керек. Басқа амал жоқ. Біреуі 30 мың. Амал жоқ, аласың енді қайтесің?

Дүкендерде де қазір сауда қызып тұр. Бұрын айына 10 шақты орындық өтетін дейді сатушылар. Қазір оны бір күнде алып кетіп жатыр.

Ирина Серхова, балалар дүкенінің әкімшісі:

-Сауда осылай жүрсе, орындықтар айдың ортасына дейін өтіп кетеді деп отырмыз. Жолаушы тасымалымен айналысатын мекемелер 10-20-сын бірден алып кетіп жатыр. Ал бізге жаңа тауар тек айдың аяғында келеді. Бұл жолы орындықтарға әдеттегіден әлдеқайда көп тапсырыс бердік.

Бүкіл елді мұнша сарсаңға салған «Жол қозғалысы ережелері» туралы жаңа заң екені мәлім. Ол 12 жасқа дейінгі баланы көлікке мінгізген жүргізушілерге автокөлікте арнайы орындығының болуын міндеттейді. Баланың салмағы 36 келі, бойы 1 метр 35 см болса автокреслода отырады. Осы мөлшерден асып кетсе, қауіпсіздік белдемшелерін тағуға міндетті.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде