{metadescription}
Алматылықтар жаппай жүгірді
Алматылықтар жаппай жүгірді

Алматылықтар жаппай жүгірді

«Жер шары түгел жүгіреді!» Бүгін осындай атаумен өткен халықаралық флешмобқа алматылықтар да белсене қатысты. Таңмен таласа тұрған 300-ге жуық ерікті мәре сызығына тұрып, 3 және 10 шақырым қашықтықтарға жүгірді.

Жаппай жүгіру Тұңғыш Президент саябағынан басталды. Оған күннің суығына қарамастан үлкен-кішінің көбі жиналған. Қатысушылар алдымен бірыңғай жаттығу жасап, артынан 3 және 10 шақырымдық қашықтықтардың қалағанын бағындырды. Айта кетейік, бұл шараға қазақ спортының аты аңызға айналған жұлдыздары да қатысты. Олардың арасында бокстан Еуропаның екі дүркін, КСРО-ның үш дүркін чемпионы Серік Нұрзақов және әлемнің барлық ірі шөл далаларын тұңғыш рет жалғыз жүгіріп өткен, Гиннесс рекордын жеті рет жаңғыртқан Марат Жыланбаев бар. Спорттық шара салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.

Ақыл Мезгілбаев, Алматы қаласының тұрғыны:

-Бүкіл әлем бойынша өтіп жатыр бұл флешмоб. Алдыда келе жатқан Алматы марафоны бар. Соған дайындық қой бұл бір жағынан. Соған қатыспақ ниетім бар. Барлығыңызға денсаулық тілеймін.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.