{metadescription}
Оңтүстік Америкадағы «Дакар» жарысы қыза түсті
Оңтүстік Америкадағы «Дакар» жарысы қыза түсті

Оңтүстік Америкадағы «Дакар» жарысы қыза түсті

Қазірге дейін автошабандоздар 500 шақырымнан артық жолды артта қалдырды. Елімізден барған «Astana Motorsports» командасының аяқ алысы жаман емес. Алғашқы үш күннің нәтижесі бойынша үш экипаж жақсы көрсеткішке жетті. Өкінішке қарай, бір көлік жарыс жолынан шығып қалды.

Тас пен өзен арналарына толы кезеңнен соң «Дакар» ұйымдастырушылары жеңіл бағытқа көшеміз деген еді. Бірақ қашықтықтың қысқалығына қарамастан, жол тосын сыйға толы болған. Мәселен Денис Березовский басқарған жол талғамайтын көліктегі ақауға байланысты олардың жарыстан шығуына тура келді. Көмек келгенше шөл далада қалғандықтан штурман Игнат Фальковтың қызуы көтеріліпті. Ал Татрасының сыр бергеніне қарамастан команда жетекшісі Артур Ардавичус өз көрсеткішін жақсартты. Жеті позицияға көтерілген олар қазір 21-ші орында тұрақтады. Бауыржан Исабаев қазірше 24-ші орында. Айдын Рақымбаев көлігінің алдыңғы қақпағы бұтақтарға ілініп, түсіп қалған. Оны орнына қою үшін 3 минут қажет болған екен. Бірақ осыған қарамастан ол кезеңді 11 орынмен аяқтап, жалпы көрсеткіш бойынша үздік ондыққа жақындады. Бүгінгі жарыс күнінде қатысушылар Аргентинаның Чилеситосынан Чилидің Копьяпосына дейінгі мың шақырымдық жолды өтуі тиіс. Дәл осы жерден құмды аймақ басталады.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде