{metadescription}
Павлодарда үш адамның өлімі 40 миллионға бағаланды
Павлодарда үш адамның өлімі 40 миллионға бағаланды

Павлодарда үш адамның өлімі 40 миллионға бағаланды

Павлодарда үш адамды қағып өлтірген Жамбыл Мұқантаевтан марқұмдардың туыстары 40 млн теңге моральдық өтемақы талап етті. Жол апаты былтыр қыркүйекте болған. 25 жастағы жігіт көлікті мас күйінде жүргізіп, жаяу жүргіншілерді қағып кеткен еді.

Айыпталушы үйленгелі жатқан досының қуанышы үшін 100 грамм арақ ішіп, оның көлігін өзі жүргізетін боп шешіпті. Бүгінгі процеске куәгер ретінде сол қымбат джиптің иесі Батыр Дүйсебаев адвокатымен келді. Көлік тізгінін мас адамға тапсырғаны үшін «күйеу жігітке» де қатысты қылмыстық іс қозғалған. Үш ай бойы тергелген істің күрмеуі әлі шешілер емес. Ал қапыда қаза тапқан жаяу жүргіншілердің туыстары сотталушыдан қомақты өтемақы талап етуде.

Гүлмира Тоқтағанова, жәбірленуші тараптың адвокаты:

- Жәбірленуші жақ 40 млн теңге талап етіп отыр. Екі отбасына 10 млн теңгеден, ал көз жұмған азаматша Әкімжанованың ұлы да қосымша арыз жазып, тағы 10 млн сұрадық. Сот сұраныстарын қанағаттандырса, оларға кемі 20 млн теңге төлеуге міндеттеледі.  

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде