{metadescription}
Көкжайлау құрылысынан бас тартуға  шенеуніктерді көндіре алмаған экологтар оларға арнап өлең шығарды
Көкжайлау құрылысынан бас тартуға  шенеуніктерді көндіре алмаған экологтар оларға арнап өлең шығарды

Көкжайлау құрылысынан бас тартуға шенеуніктерді көндіре алмаған экологтар оларға арнап өлең шығарды

Көкжайлаудың көгі оталып, 3 жылда жаңа тас жол салынады. Бүгін қоғамдық талқылау барысында атқамінерлердің осындай жоспар құрып отырғаны белгілі болды. Жұрт назарына ұсынылған жоба бойынша Алма-Арасан шатқалынан басталатын жол 6 шақырымды құрап, «Көкжайлау» тау-шаңғы кешеніне дейін созылмақ. Ені 7 метрді құрайтын қос жолақты жол құрылысы үшін шамамен 16 жарым миллиард теңге қажет екен. Бірақ табиғат жанашырлары бұған қарсылық танытып, қызыл кітапқа енген жан-жануар мен өсімдік түрлерінің жойылып кететіндігін кезекті рет ескертті.

«Көкжайлауға» жол салып, көк түтінге тұншығамыз деген жұрттың қарасы көп. Олардың барлығы тас жолдың құрылысына байланысты ұйымдастырылған қоғамдық талқылауға қатысып, жоба басындағылардың сөзін тыңдауға келген. Бірақ тар бөлмеге барлығы сыймай, бірі сыртта қалды, екіншілері аяғынан тік тұрып айтылған әрбір сөзге өз пікірін білдіруде.

-Ұят қой бұларың. Ұялсаңдаршы...

Қазірше тек қағаз бетіндегі жобада әлемдегі үздік курорттардан кем түспейтін қазақтың «Куршевеліне» апарар тас жолдың ені 7 метр, ұзақтығы 6 шақырым болмақ. Қос жолақты тас жол толығымен жарықтандырылып, тұрақтау алаңшаларымен жабдықталмақ. Бастысы – кешенге бір сағат ішінде 2 мыңға жуық темір тұлпар бара алады екен.

Мэлс Елеусізов, «Табиғат» экологиялық одағының төрағасы:

-300 үй ол жерде болуы керек. Үй болғанда әлгі патшалар үшін жасалғандай. Олар бір-бірімен жарысады ғой. 2 мың машина деген, мына жерді санап көріңіз. 50 машина ғана тұр. 2 мың машинаны сол жаққа апарып қайтеді. Оның орнына Швейцариядағы сияқты пойыз  жасау керек.

Табиғат жанашырлары Бутаковка мен Шымбұлақтың маңайынан жаңбырдан соң қаптаған саңырауқұлақтардай бой көтерген коттедждер енді «Көкжайлауда» пайда болады деп қорқады. Экологтардың айтуынша 811 өсімдік және 1700-ден астам жануардың түрі құрылыс жұмыстарына байланысты жойылуы мүмкін. Олардың 30-ға жуығы қызыл кітапқа енген.

Олег Белов, Алматы қаласының тұрғыны:

-Бизнес заңы бойынша тас жол салынса, оның маңайынан коттедждер бой көтереді. Жабайы жануарлардың барлығы ол жерден кетіп қалады. Аю мен барысты көре алмаймыз. Қала гербінде бейнеленген барысты қала басшыларының өздері жоюмен айналыспақ.

Жол жүргізу жобасымен айналысқан мамандар туристер бір жылда 917 тонна қоқыс тастайтындығын есептепті. Ал құрылыс жұмыстары кезінде бөлінетін 16 тонна шаң аймақтағы экожүйені бұзуы мүмкін екендігін өздері де ашық айтып отыр.

Сергей Ли, Жобаның бас инженері:

-Қоршаған ортаға кері әсер ететіндігі сөзсіз. Бірақ біз жолдың техникалық мақсаттарды жүзеге асыру үшін салынатындығын ескертеміз. Яғни ол жолмен кешенге керек-жарақ дүниелер жеткізіледі. Демалушылар үшін өзге көлік түрлері қарастырылған.

Экологтар мен туристер екі сағат бойы атқамінерлерге түрлі сұрақ қойып, біріне де толық жауап естімедік деп тарқасты. Олардың алған беттерінен қайтпайтындығын түсінген топ тар бөлмеде өлең шығарып үлгеріпті.

-Богачи не склонны,

Ходить пешком на склоны.

У них способны ноги,

Дойти лишь до дороги.

-Алдын-ала есептеулер бойынша, тек жол жүргізу жұмыстарына 16,5 млрд теңге қажет екен. Оның басым бөлігі кәріз құбырлары, электр желісі мен ауызсу жүргізуге жұмсалмақ. Сонымен қатар 30 нысан сүріліп тасталуы керек. Ал құрылыс жұмыстары, болжам бойынша, небәрі 32 айда аяқталуы мүмкін. Бірақ оның нақты мерзімі қаржыландыру көлемі мен жұмылдырылған мердігерлердің санына байланысты болмақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

23 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.