{metadescription}
Ақтөбеде  кәсіпкер арбаға таңылған мүгедекті  сауда орталығынан қуып шықты
Ақтөбеде  кәсіпкер арбаға таңылған мүгедекті  сауда орталығынан қуып шықты

Ақтөбеде кәсіпкер арбаға таңылған мүгедекті сауда орталығынан қуып шықты

Ақтөбеде арбаға таңылған азамат жалғыз күнкөріс көзінен айрылды. Лоторея билеттерін сатумен нәпақасын тауып жүрген Марғұлан Жетесов сауда орталығындағы орнынан қуылды. Төрт жыл бойы салық төлемей жұмыс істеген жарымжанға жаңа басшы сес көрсетуде. Аядай дүңгіршегін жапқызып, 100 мың теңге төлемейінше ашқызбай отыр. Сауда орнының әкімшілігі тәртіп барлығына бірдей деп, бет бақтырар емес.

Марғұлан Жетесовтің жігерлілігіне көпшілік таң қалады. Қос аяғы сал болып, арбаға таңылса да, ешқашан қарап отырған емес. Отбасын асырау үшін көше кезіп ұтыс билеттерін де сатты. Кейін сауда орталықтарының бірінің басшысы арнайы орын бөліп, көмек қолын созған еді. Енді сол кәсібі орталық иесі ауысқалы бері тұралап тұр. Себебі жаңа басшылар аядай орын үшін қыруар ақша сұрап, мүгедектің дүңгіршегін жауып тастаған.

Марғұлан Жетесов, бірінші топтағы мүгедек:

-Ел басшысы айтып жатыр мүгедекке  жағдай істеңіздер деп. Жұмысқа кіргізіңдер, деп. Соған байланысты мен жақсы болады деп жүрдім. Енді міне, көріп отырсыңдар. Жауып тастады.

Сауда орталығының жаңа басшылары Марғұланға орынды тек жалға беретіндерін айтуда. Одан айына он төрт мың теңге талап етіп отыр. Ал ұтыс билетін сатудан тапқан тиын-тебені тамағынан арылмайтын мүгедектің оған мүмкіндігі жоқ. Оның жағдайына орталықтың жаңа басшылары бас қатырмайтындарын ашып айтып отыр.

Талғарт Данабаев, сауда орталығының әкімшісі:

-Он төрт мың теңге мүмкін аз ақша болып есептелер. Бірақ біз коммерциялық мемекемеміз. Сондықтан әрбір шаршы метр үшін кез келген адам ақшасын төлеуі керек.

-Марғұланның мойнына орталықтың жаңа иелері жүз мың теңгеден астам қарыз іліп қойыпты. Ол ақшаны өтемейінше дүңгіршіктің есігіндегі мөрді алмаймыз дейді. Ас-суын айрып отырған ұтыс билеттері де сол жерде қалған. Жергілікті билік басындағыларға да мұңын шағып көрген. Бірақ ондағылардан да әзірге еш қайран жоқ. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде