{metadescription}
 Елімізге -40 градустық аяз  келе жатыр
 Елімізге -40 градустық аяз  келе жатыр

Елімізге -40 градустық аяз келе жатыр

Ел аумағына үскірік аяз келе жатыр. Соңғы күндері тек мамыражай күн кешумен болған тұрғындар енді қатал қысты сезіне бастайды. Ертеңнен бастап солтүстік өңірлер, ал арғы күні бүкіл Қазақстан қақаған суықтың астында қалайын деп тұр.

Қаңтардың қақаған суығы ертең басталады. 22-сі мен 24-і аралығында бүкіл солтүстік өңір мен Орталық және Шығыс Қазақстан облыстарында қар жауып, боран соғады. Одан әрі қызылшұнақ аязға ұласып, ауа температурасы минус 27, кей жерлерде 38 градусқа дейін төмендейді. Батыс пен оңтүстікте де жағдай мәз болмайын деп тұр. Бұл аймақтарда 25, кей жерлерде 34 градусқа дейін аяз түседі деп күтілуде. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде