{metadescription}
Атырауда оқушыларды өз сыныптасы улаған
Атырауда оқушыларды өз сыныптасы улаған

Атырауда оқушыларды өз сыныптасы улаған

Атырауда бүкіл мектепті әбігерге түсірген бала анықталды. 9 сынып оқушысы қорғану құралынан газ шашқан екен. Ол тәртіп сақшыларына мұны қызық үшін жасағанын айтыпты. Негізі, прокурорлар да осылай болуы мүмкін деп болжаған еді.

Бала газды шашуын шашқанымен, улана бастаған сыныптастарын көріп, олардың тез далаға шығуына көмектескен көрінеді. Өзі де көппен бірге  уланып, ауруханаға түскен тентек кешкісін үйіне қайтарылған. Жұртты дүрліктірген оқушының кәмелет жасына толмауына және ата-анасының рұқсат бермеуіне байланысты оны түсіруге мүмкін болмады. Кеше түстен кейін Атыраудағы  Исатай Тайманов атындағы орта мектептің 20 оқушысы мен 1 қызметкері  белгісіз заттан уланып, ауруханаға түскен болатын.  Олардың  көпшілігі  медициналық көмектен соң үйлеріне қайтарылған. Қазір аурухананың күндізгі стационарында 5 оқушы емделуде. Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде