{metadescription}
Астанада жалғызбасты қариялар  зейнетақыларының  қысқаратынына наразылық білдірді
Астанада жалғызбасты қариялар  зейнетақыларының  қысқаратынына наразылық білдірді

Астанада жалғызбасты қариялар зейнетақыларының қысқаратынына наразылық білдірді

Қараусыз қалған жалғызбасты  қариялар зейнетақы туралы жаңа заңға қарсылық білдіруде. Астанадағы қарттар үйінің тұрғындары  «зейнетақының жартысынан көбі қысқарады» дегенді естігелі бері  түн ұйқылары төрт бөлініп жүр. Ұл-қызымыз тірідей безініп, жаттың қолына жалтақтап қалғанымыз аздай, енді Үкімет азын-аулақ алданышымыздан айырмақ деп күйінеді олар.  Ал шенеуніктердің айтуынша, мемлекет асырап отырған адамға ақшаның түкке  қажеті жоқ. Сондықтан еліміздегі қарттар мен мүгедектер үйлеріндегі...

аматтардың зейнетақысын 70 пайызға қысқартпақ.

Зейнетақының жартысынан көбі қысқарады дегенді естігелі Астанадағы қарттар мен мүгедектер үйіндегілерден жаппай маза кеткен. Тіпті кейбірінің қан қысымы көтеріліп кетіпті. Солардың бірі -  осында 5 жылдан бері тұратын Болат ата. 30 мың теңге зейнетақысы  ас суы мен дәрісінен артылмайтынын айтады. Енді ол да кемісе, күн көре алмаймын деп қынжылып отыр.

Болат Сейдахметов, Астана қасындағы «Қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекеменің» тұрғыны:

-Мына кеудем ауырады, құлақ ауырады. Құлақты  емдету үшін жеті сайын аппаратқа барып тұрамын. Ана батареяның өзі қымбаттап кетті. Мынау енді естілмейді тағы бару керек. Қазір тегін нәрсе жоқ қой, бәрі ақша.

Бір қызығы,  қарттар үйінің  басшыларының өзі 3-4 жылдан бері үкіметке хат жазып, қариялар мен мүгедектердің  зейнетақысын қысқартуды сұрап келеді екен. Ақыры дегендеріне жетіпті. Айтуларынша, мемлекеттің есебінен бес рет тамақтанып, тегін жатып-тұратын адамдарға ақшаның түкке қажеті жоқ.

Кенжеболат Бапишев, Астана қаласындағы «Қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекеменің» директоры:

-Егер ол кісі мемлекеттен қамтамасыз етілсе, оған 1 тиынның да қажеті жоқ. Мен оны ашық түрде айтуға қақым бар. Өйткені, тәртіп бұзушылар, нашақорлыққа дейін барып жүрген адамдар болды. Сондықтан олардың денсаулығына кедергі жасайтын болды.

Директордың уәжін министрлік те қолдап отыр. Қазір еліміздегі осындай 104 мекемеде 21 мыңнан астам ұл-қызы тастап кеткен қарттар тұрады. Әрқайсын бағып-қағу үшін бюджеттен айына 100 мың теңге жұмсалады екен.Сондықтан шенеуніктер оларды мемлекет асырып отырғандықтан, зейнетақысын қысқартуға мәжбүр болыпты.

Светлана Жақыпова,  Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі:

-Сол азаматтардың базалық зейнетақы төлемдерінің тоқтатылуы, негізгі әлеуметтік төлемдердің 30 пайызы ғана төлетін болады.  Ал, үнемделген 70 пайызы медициналық-әлеуметтік үйлердің қажеттілігіне жұмсалатын болады.

Бастамаға түсіністікпен қарауды өтінген министрлік жаңа заңның  10 айдан соң яғни, 2016 жылдан  бастап күшіне енетінін айтты. Ал жалғызбасты қарттарға бөлінетін  әлеуметтік төлем  еліміздегі ең төменгі зейнетақымен тең, яғни 23 мың теңге болмақ. Сөйтіп, Үкімет  6 миллиард  теңгені үнемдемек. Бұл қаржы басқа  мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға жұмсалмақшы. Оған дейін қазіргі зейнетақы төлене бермек.

Кеше

16 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде