{metadescription}
Алматыда газ құбырына соққан жүргізушінің кесірінен жарылыс бола жаздады
Алматыда газ құбырына соққан жүргізушінің кесірінен жарылыс бола жаздады

Алматыда газ құбырына соққан жүргізушінің кесірінен жарылыс бола жаздады

Бүгін Алматыда оқушылар апат салдарынан сабақтан босатылды. Тура Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы мектептің алдындағы газ құбырын қоқыс таситын көлік соғып өтіп, одан газ шығып кетті. Осыдан кейін ұстаздар мен шәкірттерді сыртқа шығаруға тура келді. Оқыс оқиға салдарынан  жүздеген үй газсыз және жылусыз қалды.

-Оқыс оқиға таңертең сабақ басталарда болды. Мектептен шыққан қоқыс таситын көлік газ құбырын соғып өткен. Салдарынан ықшамауданға берілген көгілдір отын тысқа таралыпты. Енді қыс ортасында мектеп пен 200 ден астам тұрғын үй жылусыз қалып отыр.

Апаттан кейін құтқарушылар мен полицейлер келіп жеткенше көгілдір отын ауаға тарай беріпті. Ал таяқ тастам жердегі мектепте оқушылар алаңсыз жүре берген. Тек жарты сағаттан кейін ғана тысқа шығарылып, сабақтан босатылды.

Әбдікәрім Әміреев, дене шынықтыру пәнінің мүғалімі:

-Балалардың бәрін тысқа артқы есік арқылы шығардық. Спорт зал жақтағы апат кезінде қолданатын есік. Әйтеуір барлығын уақытында шығардық.

Негізінен мыңға жуық оқушы білім алатын мектепте, таңертең 206 бала болыпты. «Қайта құдай қолдап, жарылыс болмай аман қалдық» дейді ұстаздар. Енді мектеп жұмысы тек дүйсенбі күні жалғаспақ. Ал, ықшамаудандағы 200-ден астам тұрғын үй болса, газ бен жылудан қағылып отыр.

Гүлмира Досжанова, Алматы қаласының тұрғыны:

-Бұл жәй апат емес қой! Егер түнде болса қайтер едік?! Бәріміз атылар едік қой. Енді міне, қазір үйім азынап кетті. Сондықтан мұндай жағдай қайталанбас үшін ауыл ішінде жүк көліктерін жүргізбеу керек.

Қазір полицейлер апат орнын қоршауға алған. Ал құлаған газ құбыры қалыпқа келтіріліп жатыр. Десе де, көгілдір отынның қашан берілетіні белгісіз. Себебі, мұндағы жауаптылардың ешқайсысы тұшымды жауап қатпады.

Түсірмеңдер. Кетіңдер дедім ғой...

Ауыл тұрғындарының айтуынша, бұл мұндағы алғашқы апат емес. Алдыңғы жылы да жүк көлігі газ құбырын соғып, тура бүгінгідей жағдай болыпты. Сондықтан жергілікті жұрт бұл жерде жүк көліктерін жүргізбеу туралы әкімдікке талай мәрте хат жазыпты. Бірақ нәтиже жоқ. 

Кеше

16 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде